01 ақпан 2017 14:55

Дортикосты нокаутқа түсіретін сәтті асыға күтіп жүрмін - Шүменов

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vesti.kz © Vesti.kz

WBA бойынша ауыр салмақтағы regular чемпион қазақстандық Бейбіт Шүменов алдағы қарсыласы - осы салмақтағы уақытша чемпион кубалық Юниер Дортикосқа қарсы жекпе-жегін асыға күтіп жүргенін айтады, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 


WBA бойынша ауыр салмақтағы regular чемпион қазақстандық Бейбіт Шүменов алдағы қарсыласы - осы салмақтағы уақытша чемпион кубалық Юниер Дортикосқа қарсы жекпе-жегін асыға күтіп жүргенін айтады, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 

"Соңғы рет мамырда жұдырықтастым, ал маусымнан бастап жаттығуға кірістім. Қыркүйекте Лебедевпен жекпе-жекке шығу керек болатынмын. Бірақ ол бас тартты. Мен 11 ақпанда Майамиде Дортикоспен жекпе-жек өткізуім керек еді. Бірақ келісімшартқа қол қойғаннан кейін Дортикос пен оның промоутері ғайып болды. Мен оны нокаутқа түсіретін уақытты асыға күтіп жүрмін. Мен менеджерімнің қоңырау шалғанын тағатсыздана күтіп отырмын, ол жекпе-жек қай күнге белгіленгенін айтуы керек", - дейді Шүменов BoxingScene.com сайтына айтқан сөзінде.

Еске салайық, промоутерлік сауданы (350 001 доллар) ұтып алған Caribe Promotions компаниясы жекпе-жекті үш ай ішінде өткізуге міндеттелген еді. Алайда WBA бірнеше рет сұраныс жасағанымен, еш дайындық жүргізілмеген. Оның үстіне Дортикостың командасы 11 ақпанға белгіленген жекпе-жекті кейінге шегеруді сұраған. 

Осы себепті WBA бұл промоутерлік компанияны жекпе-жек өткізу құқығынан айырған болатын. Ал бұл кездесуді өткізу мүмкіндігі промуотерлік сауда кезінде екінші болған Том Браунға (TGB Promotions компаниясы) өтті.

Айта кетейік, Шүменов-Дортикос жекпе-жегінің жеңімпазы WBA ұйымының қазіргі "суперчемпионы" Денис Лебедевке міндетті қарсылас болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети