28 мамыр 2014 15:28

Екі боксшымыз әскерилер чемпионатының ширек финалына шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото kfb.kz сайтынан Фото kfb.kz сайтынан

Алматыда бокстан әскерилер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Әзірше шаршы алаңға екі боксшымыз шығып, екеуі де жеңіске жетіп, ширек финалға шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Алматыда бокстан әскерилер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Әзірше шаршы алаңға екі боксшымыз шығып, екеуі де жеңіске жетіп, ширек финалға шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақтың қайраткер қолбасшысы, Халық қаһарманы, еліміздің бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовті еске түсіруге арналған әскерилер арасындағы әлем чемпионаты басталғалы, шаршы алаңға екі боксшымыз шықты.

Әуелі 81 келі салмақ дәрежесіндегі Арман Рысбек "Достық" спорт сарайының төріне керілген рингке ел сенімін "арқалап" шықты. 2011 жылғы Азия чемионатының қола жүлдегері болып табылатын боксшымыз алғашқы жекпе-жегінде оңтүстіккореялық Хи Янгтан басым түсті.

Шаршы алаңға бірінші болып шыққан боксшымыздың жеңіске жеткені психологиялық тұрғыда өте маңызды, әрине. Әрі Арман Рысбектің ширек финалдағы қарсыласы анықталды. Ол – Біріккен Араб Әмірлігі "жауынгері" Абдуазиз. БАӘ боксшысы өзінің алғашқы кездесуінде Шри-Ланка спортшысы Ферондо Гананы жеңді.

Бұдан соң 56 келі салмақта барша қазақстандықтар үлкен сенім артып отырған Қайрат Ералиев алғашқы жекпе-жегін өткізіп, Грузия боксшысы Торнике Тотладзені төрешілердің біржақты шешімімен ұтты. Есеп – 3:0. Қайрат та ширек финалға шықты. Келесі қарсыласы – КХДР боксшысы Гук Квол Чон.

Бүгін тағы бір боксшымыз өзінің осы біріншіліктегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Ол – 91 келіге дейінгі алыбымыз Асқар Абдуллаев. Қарсыласы – Қытай қыраны Ванг Шаншан.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы 55-ші рет ұйымдастырылып отырған әскерилер арасындағы әлем чемпионатына толық құрамда (10 салмақта да) өнер көрсетеді. Жоғарыда аты-жөндері аталған жігітерімізден басқа ел намысын мына былғары қолғап шеберлері қорғайды:

Олжас Байниязов (49 келі), Олжас Сәттібаев (52 келі), Бекман Сойлыбаев (60 келі), Елдос Сарқұлов (64 келі), Сағадат Рахманқұлов (69 келі), Бобыржан Момынов (75 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (+ 91 келі).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети