02 маусым 2015 08:29

Есінен адасқан дей беріңіздер, бірақ мен Головкинді жеңе аламын - Карл Фроч

ПОДЕЛИТЬСЯ

Карл Фроч пен Геннадий Головкин. ©Deportes.univision.com Карл Фроч пен Геннадий Головкин. ©Deportes.univision.com

Екінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Карл Фроч (33-2, 24 КО) мансап жолын аяқтау алдында IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Джеймс ДиГейлмен (21-1, 14 КО) немесе орта салмақта WBA (Super), IBO және WBC Interim титулдарының иегері Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz


Екінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Карл Фроч (33-2, 24 КО) мансап жолын аяқтау алдында IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Джеймс ДиГейлмен (21-1, 14 КО) немесе орта салмақта WBA (Super), IBO және WBC Interim титулдарының иегері Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Таяуда мансап жолымды аяқтауым керек екенін түсінемін, бірақ бұл шешімді осы аптада қабылдадым", - деп жазады talkSPORT Фрочтың сөзін. - Бірақ, бұл хабарландыру кейін болады. Мен ДиГейлмен немесе Головкинмен кездескім келеді. Қазақстанның өкілімен кездесетін сияқтымын. Көбі мені жеңіске жете алмайды деп ойлайды, бірақ солай ойлағаны мені қайрай түседі. Мені есінен адасқан дей беріңіздер, бірақ мен Головкинді жеңе алатынымды білемін".

Фроч бұған дейін де Головкинмен кездесуге ниетті екенін мәлімдеген еді. Ағылшын боксшысы мәлімдемелерінің бірінде қазақстандықты жеңілмейтін боксшы деген статусынан айырғысы келетінін айтқан болатын.  

Алайда екі салмақ категориясы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Пол Малиньджи Фрочқа Головкинмен шығып, тәуекелге бармау керектігін айтады. Ал тағы бір америкалық экс-чемпион Рэй Манчини болса дәл осы Карл Фрочтың Головкин үшін қауіпті бола алатынын атап өтті. 

Еске сала кетейік, Головкин соңғы рет 17 мамырда америкалық Вилли Монро кішімен кездесіп, оны 6-шы раундта жеңген болатын. Головкин 33 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 30 жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады. Ол рингке қыркүйекте шығады. Дегенмен, оның қарсыласының есімі әзірше белгісіз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети