12 шілде 2017 08:29

Флойд Мейвезер карьерасын аяқтайтынын жария етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бес салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы Флойд Мейвезер UFC файтері Конор МакГрегормен жұдырықтасқаннан кейін спортпен қош айтысатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды FightHype.com.


Бес салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы Флойд Мейвезер UFC файтері Конор МакГрегормен жұдырықтасқаннан кейін спортпен қош айтысатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды FightHype.com.

Мейвезер басылымға берген сұхбатында екі жыл бұрынғы қалпында емес екенін атап өтті. 40 жастағы боксшының айтуынша, кәсіпқой спорттағы күш-қуат жұмсайтын жаттығуларға төзу қиынға соға бастаған. 

"Бұл қолымнан келмейді. (...) Екі мәрте спортқа қайтып келіп жатқанымды білемін, бірақ бұл жекпе-жек - соғысы, ханымдар мен мырзалар", - деп мәлімдеді ол.

Денсаулығымен қатар спорттан кетуге оның жеке бизнесі де себеп болып отырғаны айтылады. 

Еске салайық, жекпе-жек 26 тамызға белгіленген және ол бокс ережелері бойынша өтеді. Лас-Вегастың T-Mobile аренасында өтетін бұл кездесуді ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. БАҚ мәліметі бойынша, Мейвезер - МакГрегор жекпе-жегінің жалпы табысы 500 миллион фунт (636 миллион доллардай) болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети