21 қаңтар 2014 11:12

Геннадий Головкин 30-кездесуін 26 сәуірде өткізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. Сурет vk.com/ggolovkin сайтынан Геннадий Головкин. Сурет vk.com/ggolovkin сайтынан

Кәсіпқой бокстағы қазақстандық боксшы өзінің 30-жекпе-жегін 26 сәуірде өткізеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Дегенмен, жерлесіміздің қарсыласы әлі анықталған жоқ. Естеріңізге сала кетейік, 28 айқасының 25-ін нокаутпен аяқтаған WBA және IBO тұжырымдары орта салмақ дәрежесінің чемпионы өзінің 29 жекпе-жегін 1 ақпанда Монте-Карлода ганалық Осуману Адамаға қарсы өткізеді. Ал 30-шы айқасын 26 сәуірде Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өткізуі әбден мүмкін. Өйткені, қазақстандық боксшының шашбауын көтеріп жүрген К2 промоутерлік компаниясы Геннадий Головкин үшін деп әлгі аренаны сол датаға жалға алып қойыпты. Әйтсе де, кімге қарсы жұдырықтасатыны әзірге белгісіз. Шетелдік БАҚ өкілдеріне сүйенсек, Головкиннің 30-шы қарсыласы америкалық Джеймс Киркланд болуы ғажап емес. Кәсіпқой бокста 33 айқастың біреуінде ғана жеңілген Киркланд 28 қарсыласын нокаутпен жеңіпті. Сондай-ақ, Геннадиймен жұдырықтасудан үміткерлердің қатарында Серхио Мартинес, Андре Уорд және Адонис Стивенсон сынды саңлақтар да бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети