30 маусым 2015 08:59

Геннадий Головкин - Андре Уорд жекпе-жегі биыл күзде өтуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Андре Уорд пен Геннадий Головкин. ©Akboxing.ru Андре Уорд пен Геннадий Головкин. ©Akboxing.ru

Бокс саласындағы ресейлік сарапшы Сергей Завилейский Геннадий Головкин мен Андре Уордтың "ақпараттық шайқасының" жекпе-жекке ұласқалы отырғанын мәлімдеді. Ол бұл пікірін Vesti.kz тілшісіне айтты.


Бокс саласындағы ресейлік сарапшы Сергей Завилейский Геннадий Головкин мен Андре Уордтың "ақпараттық шайқасының" жекпе-жекке ұласқалы отырғанын мәлімдеді. Ол бұл пікірін Vesti.kz тілшісіне айтты.

"Головкин мен Уордтың сөз жүзіндегі қақтығысы - шоу-бизнес. Меніңше, мұның бәрі боксшылардың жекпе-жегі туралы келісім жасалуға жақын дегенді білдіреді. Осылайша кездесуді белсенді түрде жарнамалау басталды, себебі олар бұл кездесуден көп табыс алғысы келеді", - деді Завилейский. Тілшінің бұл мәліметке сенуге бола ма деген сұрағына сарапшы оған Том Леффлердің астарлап жеткізгенін мәлімдеді.

Еске салайық, америкалық боксшы Андре Уорд өзінің құбыжық екеніне Головкинді растауға шақырған болатын. Сонымен қатар, ол Головкиннің командасын елді шулататын мәлімдемелерді ғана жасай алады деп айыптады. Өз кезегінде Геннадий Головкин Уордты сөзге абай болуға шақырды.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети