22 ақпан 2015 11:39

Геннадий Головкин барлық чемпиондық белбеуді жеңіп алғысы келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Will Hart/insidehboboxing.com ©Will Hart/insidehboboxing.com

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин ағылшын Мартин Мюррейді нокаутпен жеңгеннен кейін барлық чемпиондық белбеуді біріктіргісі келетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин ағылшын Мартин Мюррейді нокаутпен жеңгеннен кейін барлық чемпиондық белбеуді біріктіргісі келетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"(...) Менің мақсатым барлық чемпиондық белбеуді жеңіп алу. Мен біріккен жекпе-жекті қалаймын", - деді Головкин. Бұл туралы боксшының твиттер желісіндегі ресми парақшасында жарияланып отыр. Парақшада Геннадий Головкиннің келесі кездесуді осы жылдың мамыр айында өткізетіні жарияланды. Оның қарсыласының кім екені әзірше белгісіз, ал кездесу АҚШ-та өтуі мүмкін деген болжам бар. 

Қазақстан боксшысының айтуынша, ол келесі жекпе-жекке қарқынмен дайындалады. Келесі кездесуде ол WBC версиясы бойынша әлем чемпионы Мигель Коттомен жұдырықтасқысы келетінін айтты. Сонымен қатар, Геннадий Головкин егер Котто дайын болса, бұл кездесу маусым айында болатынын ескертті. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.  

Еске сала кетейік, 21 ақпаннан 22 ақпанға қараған түнде Монте-Карлодағы (Монако) Salle des Etoiles аренасында Геннадий Головкин ағылшын боксшысы Мартин Мюррейді 11-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Кездесу барысында Мюррей үш рет нокдаунға түсті. Осылайша барлық 32 кездесуінде де жеңіске жетіп отыр (29 нокаут) және 19 рет уақытынан бұрын жеңіске жетті. Қазақстандық боксшы америкалық Майк Тайсонның рекордын қайталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети