19 мамыр 2015 10:24

Геннадий Головкин қазіргі заманғы әсер қалдырғыш боксшылар тізімінің екінші орнында тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© twitter.com/HBOboxing © twitter.com/HBOboxing

Қазақстандық Геннадий Головкин америкалық Bleacher Report басылымының нұсқасы бойынша қазіргі заманғы әсер қалдырғыш боксшылардың тізімінде екінші орында тұр. Еске сала кетейік, 33 жастағы спортшы 17 мамырда америкалық Вилли Монро кішіні нокаутқа түсірген болатын.

"Монро Головкинді бірнеше рет ұрды, дегенмен қазақстандық боксшы мұны сәлемдесу ретінде қабылдап, кейін жауап қайтарды. Мұны big-drama show деп атайды. Головкиннің кездесулері ақылы трансляция жасауға тұрады", - деп жазды басылым. Айта кетейік, басылымның рейтингінде бірінші орында 24 жастағы никарагуалық Роман Гонсалес тұр. Роман аса жеңіл салмақта 35 жастағы экс-чемпион, мексикалық Эдгар Сосаны уақытынан бұрын жеңген еді. 

Еске сала кетейік, 17 мамырда Головкин Вилли Монро кішіні нокаутқа түсірген болатын. Қазақстандық боксшы бұл жекпе-жегі үшін мансап жолындағы ең көп гонорарды алады. Кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында Головкин қыркүйек айында америкалық Флойд Мейвезер кішіге қарсы шығуға дайын екенін мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети