22 қараша 2014 13:49

Геннадий Головкин киноға түсуден бас тартады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин Астанада баспасөз мәслихаты кезінде. ©Тұрар Қазанғапов Геннадий Головкин Астанада баспасөз мәслихаты кезінде. ©Тұрар Қазанғапов

Бокстан WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Астанада өткен баспасөз мәслихатында киноға түсуден бас тартатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды  Vesti.kz


Бокстан WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Астанада өткен баспасөз мәслихатында киноға түсуден бас тартатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды  Vesti.kz

"Маған түрлі шараларға баруға тура келеді. Киноға түсуге, журналдың мұқабасына түсуге ұсыныстар айтылады, бірақ мен одан бас тартамын. Мен бокс туралы ойлаймын. Келешекте болмаса, бірақ мен кесіп айта алмаймын", - деді боксшы. 

Ол өз ұлының боксшы болғанын қаламайтынын айтты. "Ұлым боксшы болмайды. Биіктерді бағындыру спорттың түрі емес, ол - өмір сүру стилі. Менің басымдағы жағдайды көрсе, оның бокспен айналысқысы келуі екіталай. Бұл - менің өмірім. Мен қолымнан келетін істі ғана жасаймын", - деді чемпион.

Спортшының менеджері Олег Герман болса, Геннадий Головкин бренді киім-кешектерінің алғашқы коллекциясы 2015 жылдың басында шығарылатынын хабарлады. "Біз Геннадийдің сауда маркасын тіркеттік. Толыққанды коллекция шығарғымыз келеді. Оның мәртебесі мен есімі беделді. Жаңа жылдан соң оны іске қосамыз", - деді Герман.

Мұның алдында баспасөз мәслихаты барысында Геннадий Головкин Астанада жекпе-жек өткізгісі келетінін айтып, өзіне қарсылас болуы мүмкін боксшыларды атаған еді. Кейін боксшы Назарбаев Университетінде жанкүйерлерімен кездесті. Спортшымен кездесуге жүздеген адам келді.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың 21 ақпанында Геннадий Головкин ағылшын боксшысы Мартин Мюрреймен шаршы алаңда кездеседі. Қазақстан боксшысы мұның алдында 18 қазанда АҚШ-та шаршы алаңға шыққан еді. Головкин мексикалық Марко Антонио Рубионы екінші раундта нокаутқа түсіріп, орта салмақтағы WBA (Super) и IBO чемпиондары мәртебесін қорғады және WBC уақытша чемпионы белбеуін жеңіп алды. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети