29 сәуір 2015 11:54

Геннадий Головкин: Кіші Чавесті 168 фунтқа дейінгі категорияда күтемін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Getty Images ©Getty Images

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық Хулио Сесар Чавес-кішіні 168 фунтқа дейінгі салмақ дәрежесінде күтетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық Хулио Сесар Чавес-кішіні 168 фунтқа дейінгі салмақ дәрежесінде күтетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның айтуынша, WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы Мигель Коттоның да өзімен кездесуге келісетіне үміттенеді. "Котто менімен жекпе-жекке келіседі деп үміттенемін. Мигель - үлкен чемпион, екеуміз үшін де жекпе-жек оңайға соқпайтынын білемін. Қазір оның ерікті қорғанысы бар. Ол Дэниэл Гилмен кездескісі келеді. Ал мен үшін солақайлар арасында Вилли Монро ерікті қорғаныс. Қазір мен Виллимен өтетін кездесуге тыңғылықты дайындалып жатырмын. Ал Коттомен өтетін жекпе-жек менің табынушыларым үшін үлкен сый болады", - деді ол.

Қазақстандық боксшы кіші Чавеспен де кездесуге дайын екенін мәлімдеді. "Мен онымен рингте бірге болып көрдім және де ол менің стилімді жақсы біледі. Біз болашақта кездесу өткіземіз деп ойлаймын. Қазір ол 172 фунт салмақ дәрежесіндегілермен бірге өнер көрсету оңай емес екенін түсінді. Ол 168 фунтқа тіүсуге дайын екенін айтты, мен оны күтемін", - деді Головкин.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети