Геннадий Головкин мен Мартин Мюррей жекпе-жек өткізетінін ресми түрде жария етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин мен Мартин Мюррей жекпе-жек өткізетінін ресми түрде жария етті Мюррей мен Головкин. Фото BoxingScene.com сайтынан

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен ұлыбританиялық Мартин Мюррей алдағы кездесулері жайында ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен ұлыбританиялық Мартин Мюррей алдағы кездесулері жайында ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Геннадий Головкин мен 32 жастағы ағылшын боксшы Лондонда өткен баспасөз мәслихатында жүзбе-жүз кездесті. Толығырақ мына жерден оқыңыздар. Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық спортшы келесі кездесуін британдық Мартин Мюрреймен өткізеді деп хабарлаған болатынбыз. Промоутерлік компаниялар K2 Promotions пен Golden Gloves боксшылардың жекпе-жегі туралы келіссөздер жүргізіп те қойды. Жекпе-жек 2015 жылы 21 ақпанда Монакода өтеді.

Геннадий Головкин бұған дейін өзіне ең лайықты қарсылас ретінде ұлыбританиялық Мюррейді атаған болатын. "Мюррей - мықты жігіт, жақсы жеңістерге жеткен. Доменико Спада - ауыр қарсылас және жеңіп шығатындай стилі де қарапайым емес. Бірақ Мюррей өз жұмысын істеді және жеңді. Менің ойымша, Мюрреймен кездесу - біз үшін үздік жекпе-жек болады", - деді қазақстандық боксшы. Сонымен қатар, Геннадий Головкин кіші Хулио Сезар Чавеспен, Мигель Коттомен немесе Суаль "Канело" Альвареспен кездесу туралы келісу мүмкін болмағанын айтты, ал британ спортшысы келісімін берген.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети