19 қазан 2014 12:23

Геннадий Головкин Рубиомен болған жекпе-жегі жайында айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. Фото Vesti.kz сайтынан алынды Геннадий Головкин. Фото Vesti.kz сайтынан алынды

Бірнеше сағат бұрын Марко Антонио Рубионы нокаутқа түсірген қазақстандық Геннадий Головкин кез келген боксшымен жекпе-жекке шығуға дайын екендігін мәлімдеді, – деп хабарлайды Vesti.kz.


Бірнеше сағат бұрын Марко Антонио Рубионы нокаутқа түсірген қазақстандық Геннадий Головкин кез келген боксшымен жекпе-жекке шығуға дайын екендігін мәлімдеді, – деп хабарлайды Vesti.kz.

"Менің қазір үш белбеуім бар, кез-келген боксшымен қарсыласуға әзірмін", - дейді Геннадий Головкин. "Рубиомен болған бокс маған ұнады, одан шабыт алдым. Бірінші раундта қарсыласымды күш салмай-ақ әлсіреттім. Қазір менде үш белбеу бар. Бұл менің кез келген мықтымен жекпе-жекке шығуыма сенім береді. Келесі кезекте Мигель Коттомен бақ сынассам ба деймін. Сондай-ақ, Канеломен және кіші Чавеспен кездесуге кет әрі емеспін. Бұл Лос-Анджелестегі бірінші жекпе-жегім. Жанкүйерлеріме алғыс білдіргім келеді", - деді кездесуден кейін Головкин.

Бұл сайыс алдына жан салмаған Головкиннің 2014 жылғы үшінші, ал кәсіби рингтегі 31-жекпе-жегі. Қазақстандық боксшы орта салмақтағылар арасында чемпион атағын WBA бойынша 12 рет, IBO  9 рет қорғады. Сонымен қатар, ол мерзімінен бұрын 18 жеңіске жетіп, 28 қарсыласын нокаутқа жіберді.

Естеріңізге сала кетейік, WBA мен IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алу жекпе-жегі 19 қазан күні АҚШ-тың Калифорния штатының Карсон қаласының StubHub Center аренасында өтті. Бұл сайыстың екінші раундында Головкин жеңіске жетіп, Рубионы есінен таңдырды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети