24 қыркүйек 2014 16:58

Геннадий Головкин Сауль Альвареспен жұдырықтасуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz иллюстрациясы ©Tengrinews.kz иллюстрациясы

Геннадий Головкин бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Сауль Альвареспен жұдырық түйістіруі мүмкін. Мұндай мәлімдемені Канело лақап атымен танылған 24 жастағы Альварестің өзі жасап отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Геннадий Головкин бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Сауль Альвареспен жұдырық түйістіруі мүмкін. Мұндай мәлімдемені Канело лақап атымен танылған 24 жастағы Альварестің өзі жасап отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жақында Альварес бірнеше айқастарды назарда ұстап келген HBO телеарнасымен келісімге қол қойған. Мексикалықтың айтуынша, оның рингтегі ұрыстарының барлығын осы телеарна көрсетіп келген. Қазір ол мықты боксшылармен, тіпті Геннадий Головкинмен де жұдырықтасуға дайын екендігін жеткізді.

"Мен кез келгенімен қолғап түйістіруге дайынмын, - деді Канело Fighthype.com сайтында. - Коттомен әлі жұдырықтасқаным жоқ, бірақ НВО телеарнасына шығып жүрген басқа да боксшылар бар. Олармен де рингке шыққанымды жанкүйерлер көргісі келеді. Олар - Геннадий Головкин мен кіші Хулио Сезар Чавес. Егер Чавеспен жұдырықтасатын болсам, бұл ерекше оқиға болар еді. Біз мұны Мексикада немесе басқа қалада да ұйымдастырсақ болады. Мұның толық нұсқасын осы жерден оқи аласыздар. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Геннадий Головкин Boxrec.com.порталының нұсқасы бойынша салмағының қатысынсыз әлемнің үздік боксшыларының ондығына енген болатын. Сондай-ақ ол қазіргі заманның ең айбарлы боксшысы деп танылды. Қазақстандық бокшы әлемдегі ең көп көрермені бар боксшылардың алдыңғы сапында. Оның алдында тек филиппиндік Мэнни Пакьяноның ғана көрермені ең көп боксшы болып табылады. Геннадий Головкиннің келесі ұрысы 18 қазан күні Карсонадағы (Лос-Анджелес, Калифорния штатында) StubHub Center бокс аренасында өтеді. Онда ол WBC тұжырымы бойынша әлемнің уақытша чемпионы мексикалық Марко Антонио Рубиомен жекпе-жекке шығатын болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети