31 тамыз 2014 18:08

Гил Головкинмен қайта жұдырықтасуға ниетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. ©gggboxing.com Геннадий Головкин. ©gggboxing.com

Австралиялық боксшы Дэниэл Гил WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкинмен қарымта жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, - деп хабарлайды Аllboxing.ru


Австралиялық боксшы Дэниэл Гил WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкинмен қарымта жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, - деп хабарлайды Аllboxing.ru

"Головкинмен жуырда өткен жекпе-жек кезінде барлығы ойдағыдай болмады. Командам менің қаншалықты жақсы жұдырықтаса алатынымды біледі. Егер маған Головкин қарымта жекпе-жек ұсынса, онда мен қуана келісер едім. Егер ұсынбаса, біз ол келісім беру үшін барлығын істеуге тырысамыз", - дейді Гил.

Еске салайық, Геннадий Головкин мен Дэниэл Гил 27 шілде күні Нью-Йорк қаласының "Madison Square Garden" аренасында кездескен. Қазақстандық боксшы австралиялық былғары қолғап шеберін кездесудің үшінші раундында нокаутқа түсіріп, жеңіске жеткен еді. Головкин 18 қазанда Карсон қаласындағы (Лос-Анджелес, Калифорния штаты) StubHub Center аренасында WBC уақытша чемпионы - мексикалық Марко Антонио Рубиомен өзінің кезекті кездесуін өткізеді. Ол HBO телеарнасынан тікелей көрсетіледі. Бұл жекпе-жек 32 жастағы Геннадий Головкиннің 2014 жылғы үшінші және кәсіби шаршы алаңдағы 31-кездесуі болмақ. 

Айта кетейік, бұл жекпе-жекте екі боксшы орта салмақтағы чемпиондық атақтарды біріктіру үшін жұдырықтасады. Ал кездесудің жеңімпазы WBC тұжырымының толыққанды чемпионы Мигель Коттомен жекпе-жек өткізуге мүмкіндік алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети