14 сәуір 2014 15:51

Головкин - әлемнің үздік ондығы қатарында

ПОДЕЛИТЬСЯ

Генадий Головкин. Сурет: boxingscene.com Генадий Головкин. Сурет: boxingscene.com

WBA және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин барлық салмақ дәрежесі бойынша жасақталған үздік боксшылар тізіміндегі орнын сақтап тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап. 


WBA және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин барлық салмақ дәрежесі бойынша жасақталған үздік боксшылар тізіміндегі орнын сақтап тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап. 

Барлық салмақ дәрежесіндегі үздік боксшылардың жаңа рейтингтін американдық Bleacher Report порталы филиппиндік Мэнни Пакьяо мен американдық Тимоти Брэдли арасындағы кездесуден кейін шығарған. 13 сәуір күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен бұл кездесуде төрешілердің шешімі бойынша Пакьяо жеңіске жетіп, орта салмақтағы WBO чемпиондығына қол жеткізді.

Үздік боксшылардың тізімде Геннадий Головкин - тоғызыншы орында. Ол 16 кездесуін нокаутпен аяқтаған. Енді Головкин кезекті кездесуін өткізу үшін салмағын168 фунтқа дейін көтеру керек. Өйткені, бірінші орта салмақта Геннадиймен жұдырықтасатын қарсылас табылмай тұр. 

Соңғы рет отандасымыз шаршы алаңға 2014 жылдың ақпанында шығып, ганалық боксшы Осуману Адамады жеңген еді. Кездесу барысында қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші, алтыншы және жетінші раундта нокдаундқа жіберген. Соңғы нокдаундтан кейін төреші кездеуді уақытынан бұрын тоқтақтан болатын. 

Головкин келесі кездесуін 19 шілде күні АҚШ-та өткізеді. Оның қарсыласы бірінші орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы кіші  Хулио Сезар Чавес болмақ. Bleacher Report порталының хабарлауынша, бұл жекпе-жек жылдың ең үздік кездесуі болуы мүмкін. 

Ал Пакьяоға келетін болсақ, ол үздік боксшылардың тізімінде алтыншы орынннан үшінші орынға көтерілген. Оның қарсыласы Брэдли екі саты төмен сырғып, бесінші орынға жайғасты. Тізімнің екінші сатысында америкалық боксшы Андре Уорд болса, бірінші орында АҚШ-тың тағы бір былғары қолғап шебері кіші Флойд Мейвезер орналасқан.

 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети