21 қараша 2014 09:52

Головкин - Ислам жекпе-жегінің табыс әкелуі екіталай - Демьяненко

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. ©vesti.kz Геннадий Головкин. ©vesti.kz

Қазақстанның кәсіби бокс федерациясының басшысы, бокстан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Виктор Демьяненко Геннадий Головкин мен Қанат Исламның шаршы алаңда кездесетініне күмән келтірді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Оның айтуынша, қос қазақстандықтың халықаралық рингте кездесуінің әлдекімдерге қызық болуы екіталай.


Қазақстанның кәсіби бокс федерациясының басшысы, бокстан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Виктор Демьяненко Геннадий Головкин мен Қанат Исламның шаршы алаңда кездесетініне күмән келтірді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Оның айтуынша, қос қазақстандықтың халықаралық рингте кездесуінің әлдекімдерге қызық болуы екіталай.

Ол промоутерлердің мұндай кездесуді өткізуге мүдделі болатынына да күмән келтіреді. Оның пікірінше, Қанат Ислам Головкин сияқты танымал емес. "Оның деңгейі басқа. Олардың рейтингтегі айырмасы да өте үлкен. Бұған қоса, мәселенің қаржылық жағдайы екі тарапты да қанағаттандыруы керек. Геннадийдің телеарналар алдында өз міндеттемесі бар, оларға бұл жекпе-жектің қызықты болуы екіталай. НВО мұндай кездесуді өткізу мүмкіндігін қарастырмайды", - деді ол. 

Соған қарамастан, Демьяненко жекпе-жектің өзін жеке алып қараса, тамаша болатынын мойындайды. "Головкиннің командасы өз боксерін жақсы насихаттайды. Одан ақша табады, ал бұл жекпе-жектің табыс әкелуі күмән туғызады. Сондықтан Геннадий Головкин тікелей трансляцияны дүниежүзінің телекөрермендері жаппай тамашалауы үшін мексикалықтарды немесе америкалықтарды таңдайды. Шоу-индустрия солай жасалады. Оны басқаша елестету мүмкін емес", - дейді Демьяненко. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин күні кеше Астанадағы табынушыларымен кездескен болатын. 18 қазанда боксшы АҚШ-та мексикалық Марко Антонио Рубионы екінші раундта нокаутқа түсіріп, орта салмақтағы WBA (Super) және IBO мәртебелерін сәтті қорғаған еді және WBC уақытша чемпионы белбеуін жеңіп алды. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети