11 маусым 2017 10:32

Головкин - "Канело" жұбының жеңімпазымен кездескіміз келеді - Сондерстің промоутері

ПОДЕЛИТЬСЯ

© allfight.ru © allfight.ru

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерстің промоутері Фрэнк Уоррен өз шәкіртінің жекпе-жегінің не себепті болмай қалғаны және ендігіде Геннадий Головкин - Сауль "Канело" Альварес жұбының жеңімпазымен кездесу өткізуді басты мақсаты деп санауы жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Чемпионат.com.

"Әрине, Хурцидземен жұдырықтаса алмай қалғанымызға өкінеміз. Бірақ бұл біздің қолымызда тұрған жағдай. WBO ұйымымен енді Сондерстің кіммен жұдырықтасуы мүмкін екені жайлы келіссөз жүргізіп жатырмын. (...) Келесі аптада жаңалық болады деп ойлап отырмыз. Геннадий Головкин - Сауль Альварес жұбының жеңімпазымен кездесу ұйымдастырғымыз келеді және бұл жекпе-жекті өз белбеуімізді қорғағаннан кейін ұйымдастырамыз, жоспарымыз осындай", - деді Уоррен BoxingScene басылымына берген сұхбатында. 

Басылымның мәліметінше, Сондерс өз титулын қорғауы тиіс. 

Еске салайық, Головкин шілденің ортасында АҚШ-тың Калифорния штатындағы Big Bear базасында жаттығу лагерін бастайды. Ал 16 қыркүйекте мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасады.

Орта салмақта отандасымыз барлық белбеуді жинағысы келеді. Оған абсолют чемпион атануға әзірше Сондерстің иелігіндегі титулы ғана мүмкіндік бермей тұр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети