10 қыркүйек 2016 01:49

Головкин & Брук: Жеңілмегендердің жекпе-жегі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қыркүйектің 10-нан 11-не қараған түні Лондонда бокс кеші өтеді. Шараның басты кездесуі кәсіпқой бокс шаршы алаңында жеңілмегендердің жекпе-жегі болмақ, яғни Геннадий Головкин мен Келл Бруктың кездесуі. Ұлыбританиялық өзінің барлық 36 кездесуінде жеңіске жеткен, ал қазақстандық 35 рет жеңімпаз атанған. Сонымен қатар, Головкинның жекпе-жекті мерзімінен бұрын нокаутпен аяқтауы қарсыласына қарағанда жоғары: 32-де 25. Екі жеңілмеген боксшылардың жекпе-жегінің алдында Tengrinews.kz тілшісі осы кездесудегі басты сәттерді еске салады.


Қыркүйектің 10-нан 11-не қараған түні Лондонда бокс кеші өтеді. Шараның басты кездесуі кәсіпқой бокс шаршы алаңында жеңілмегендердің жекпе-жегі болмақ, яғни Геннадий Головкин мен Келл Бруктың кездесуі. Ұлыбританиялық өзінің барлық 36 кездесуінде жеңіске жеткен, ал қазақстандық 35 рет жеңімпаз атанған. Сонымен қатар, Головкинның жекпе-жекті мерзімінен бұрын нокаутпен аяқтауы қарсыласына қарағанда жоғары: 32-де 25. Екі жеңілмеген боксшылардың жекпе-жегінің алдында Tengrinews.kz тілшісі осы кездесудегі басты сәттерді еске салады.

Осы боксерлік кездесу 2016 жылдың ең болжалды кездесулерінің үздік бестігіне кірген.

Қайда және қашан көруге болады?

Головкин - Брук кездесуі 20 мың орындық О2 аренасында өтеді. Қазақстан және Kazsport арналары тікелей эфирден көрсетеді. Көрсетілім 10-нан 11-не қараған түні Астана уақытымен 00:00-де басталады. Елордада жекпе-жекті Қазмедиа орталығының киноконцерт залынан көруге болады, кіру тегін.

Головкин Брукпен жекпе-жегі үшін шамамен 3 миллион фунт стерлинг (төрт миллион доллар) алады. Бұл Головкин үшін рекордтық гонорар. Осыған дейінгі кездесулері үшін ол екі миллион доллар алған, яғни Доминик Уэйд пен Давид Лемьемен кездесулері үшін. Сондай-ақ Брук та үш миллион фунт алады, бұл да Брук үшін рекорд болмақ. Айта кетейік, жанкүйерлер Головкин - Брук жекпе-жегінің промо-ролигін Желіге жүктеген болатын.

Айта кетейік, жекпе-жек алдында Лондонда орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) мен жартылай орта салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Келл Брукқа (36-0, 25 КО) арналған баспасөз мәслихаты өткен болатын.

Сонымен қатар, кездесуге бірнеше күн қалғанда жеңпе-жектің төрешілері анықталды. Шаршы алаңдағы үшінші адамның ролін атқаратын Марлон Райт болып бекітілді. Ал төрешілердің есімдері:  Гуидо Каваллери (Италия), Крейг Меткалф (Канада) және Бенуа Россель (Канада).

Головкин Брукпен кездесуі туралы не айтады?

"Мен 12 кезеңге дайынмын және шаршы алаңда көше төбелесін ұйымдастыруға да дайынмын. Маған тартысты жекпе-жектер ұнайды, көше төбелестері де ұнайды, - деді қазақстандық боксшы. Ал Брук болса: "Сіздер жекпе-жекке бір күн қалғанда алдын ала салмақ өлшемін көрдіңіздер: мен әрең дегенде лимитке кірдім. Өздеріңіз түсініп отырған шығарсыздар, мен салмақ қосып жатқан жоқпын, керісінше салмақ түсіріп жатырмын. Жұрт менің жекпе-жекке бір күн қалған кезде көрсеткен салмағымды көріп, естері шығады. Жұрт менің еңгезердей екенімді көріп, таңғалады. Иә, мен әлі орта салмақта жұдырықтасқан жоқпын, бірақ мен мұны әдеттегі жекпе-жектердің бірі екенін білемін". Сонымен қатар ұлыбританиялық боксшы "Головкинды соққының астына алатын сәтімді тағатсыздана күтіп жүрмін", - деген болатын.

Басқалар не дейді?

Филиппиндік атақты боксшы Мэнни Пакьяо қазақстандық Геннадий Головкин ұлыбританиялық Келл Брукке қарсы жекпе-жекте нокаутпен жеңеді деп мәлімдеді. "GGG - құбыжық", - деді ол. Ұлыбританиялық Мартин Мюррей "Келл үшін бұл өте үлкен қадам", - деген болатын. Ал қазақстандықтың бапкері Абель Санчес Бруктың әрекетін былай бағалаған: "Менің ойымша олар Головкинге әрдайым сес көрсеткісі келеді, оған қысым жасайды. Олай болса бізде жақсы жекпе-жек пен тамаша нокаут болады".

Головкин жеңеді ме?

Көптеген мамандар мен букмекерлер Геннадий Головкинды жеңеді деп санайды. Бірақ жекпе-жекке бір күн қалғанда ұлыбританиялық БАҚ Головкинның денсаулығының нашарлағанын болжаған еді. Дәстүрлі салмақ өлшеу рәсімінен кейін Головкин журналистермен сұхбаттасудан бас тартқан. "Ол жекпе-жекке дайындалып жатыр. Бұл спортшы әуесқой бокста 350 жекпе-жек өткізді, ал кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген. Оны ештеңе мазаламайды. Ол тек Келлге мүмкіндік берді, - деді Санчес Головкинның сұхбаттасудан бас тартқанына жауап ретінде.

Айта кетейік,  BoxingScene сайты жекпе-жектің алдында боксшылардың салыстырмалы сипаттамасын жариялаған. 34 жастағы GGG (Triple G) лақап атымен белгілі болған қазақстандық сол жағымен тұрса, ал онық қарсыласы The Special One (ерекше). Головкинның бойы - 179 сантиметр, ал Бруктың бойы - 175 сантиметр.

Жаттығулар кезінде Головкин "бой с тенью" жаттығуын жасап, рингте гантельдермен жаттығады. Назарларыңызға қазақстандықтың Брукпен кездесу алдындағы дайындығының үзінділерін ұсынамыз.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети