02 тамыз 2016 09:45

Головкин Альвареспен қашан жұдырықтасуы мүмкін екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Орта салмақтағы үздік боксшы, 34 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 25 жастағы мексикалық Сауль Альвареспен қашан жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды "Матч ТВ".


Орта салмақтағы үздік боксшы, 34 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 25 жастағы мексикалық Сауль Альвареспен қашан жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды "Матч ТВ".

Қазақстандықтың айтуынша, бұл жекпе-жек 2-3 жылдан кейін өтуі де мүмкін екен. "Бұл енді сұмдық. Сауль өз командасына да, өз промоутеріне де құрметсіздік көрсетті, бұл жақсы емес. Соған қарағанда, біз келесі жылы, тіпті екі жылдан кейін кездесуіміз мүмкін. Тіпті үш жылдан кейін де кездесуіміз мүмкін", - деді Головкин. 

Ал Golden Boy Promotions басшысы Оскар Де Ла Хойяның айтуынша, Головкин мен Альварес шаршы алаңға 2017 жылы шығады. Екі команданың ауызша жасалған келісімі бар екен. Осылайша, Головкин келесі жекпе-жегінде 30 жастағы ағылшын, жартылай орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Келл Брукпен кездеседі. Олардың кездесуі 10 қыркүйекте Лондонның O2 аренасында орта салмақта (160 фунт) өтеді. Екі боксшы да кәсіпқой рингте әлі жеңіліп көрмеген. 34 жастағы Головкин 35 рет жеңіске жеткен, оның 32-сі уақытынан бұрын аяқталған. 30 жастағы Брук 36 рет жеңіске жетіп оның 25-ін нокаутпен аяқтаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети