24 шілде 2014 16:32

Головкин Гилмен жұдырықтасқаны үшін қанша сыйақы алады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. Фото: boxingscene.com Геннадий Головкин. Фото: boxingscene.com

WBA (Super) және IBO тұжырымдарындағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің австралиялық Дэниел Гилге қарсы кездесу үшін алатын сыйақысы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ге сілтеме жасап. 

Нью-Йорк штаты атлетикалық комиссиясының таратқан мәліметі бойынша, бұл жекпе-жек үшін Головкин 750 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады екен. Оның қарсыласы Гилға 600 000 доллар бұйырады. 

Еске салайық, Головкин мен Гил арасындағы жекпе-жек 26 шілде күні Нью-Йорктың Madison Square Garden спорт аренасында өтеді. Бұл жекпе-жекті НВО арнасы тікелей таратады. Ал Астана уақытымен 27 шілде күні таңғы 08.00-де бұл кездесуді "Қазақстан" ұлттық арнасы мен KazSport тікелей көрсетеді.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы кәсіби бокста шаршы алаңға 29 мәрте шығып, соның барлығында жеңіске жеткен, 26 кездесуді уақытынан бұрын аяқтаған. Головкин WBA версиясы бойынша чемпиондық атақты осымен 11 мәрте қорғамақ.   

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети