15 тамыз 2014 11:36

Головкин "Жыл боксшысы" атағына үміткер боксшылардың тізімінде

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. ©vesti.kz Геннадий Головкин. ©vesti.kz

Орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдарындағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Bleacherreport.com порталы жариялаған  "2014 жылдың үздік боксшысы" деген атаққа үміткерлер қатарына қосылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдарындағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Bleacherreport.com порталы жариялаған  "2014 жылдың үздік боксшысы" деген атаққа үміткерлер қатарына қосылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Америкалық портал "Жыл боксшысы" атағына жеті үміткерді қосыпты. Әзірше бұл тізімде Геннадий Головкин төртінші орында тұр. Айта кетейік, 2014 жылы отандасымыз екі кездесу өткізді. Алдымен 1-ақпан күні Монаконың Монте-Карло қаласында Осуману Адаманы жеңсе, 27-шілде күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында австралиялық Дэниэл Гилді жеңген болатын. Енді келесі кездесуін Головкин 18-қазанда өткізеді. Бұл 32 жастағы Головкин үшін 2014 жылға жоспарлаған үшінші жекпе-жегі болмақ. Бірақ, қазақстандық боксшының қарсыласы әлі де анықталған жоқ.

"Жыл боксшысы" атағына үміткерлер қатарында бірінші орында америкалық Теренс Кроуфорд орналасқан. Екінші орында мексикалық Сауль Альварес тұрса, үздік үштік пуэрторикалық Мигель Анхель Котто түйіндеп тұр. Бесінші орында тағы бір америкалық боксшы Бернард Хопкинс, ал ресейлік Сергей Ковалев алтыншы, канадалық Бермейн Стиверн жетінші орында. 

Еске салайық, тамыз айының басында Геннадий Головкин World Boxing News тағайындаған "2013 жылдың боксшысы" деген атаққа ие болған еді. Отандасымыз WBN порталы жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша 74% дауыс жинады. Ал екінші орын алған канадалық былғары қолғап шебері Адонис Стивенсонға сайт қолданушыларының небәрі 12%-ы ғана дауыс берген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети