27 желтоқсан 2016 13:55

Головкин қандай жағдайда P4P рейтингінде көш бастап, 2017 жылдың үздік боксшысы бола алады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sports.yahoo.com © sports.yahoo.com

Ресейлік бокс комментаторы Григорий Стангрит қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) қандай жағдайларда үздік боксшылардың рейтингінде көш бастауы мүмкін екенін айтты. Григорий Стангрит Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қандай оқиғалардың GGG үшін сәтті болатынын айтып өтті.


Ресейлік бокс комментаторы Григорий Стангрит қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) қандай жағдайларда үздік боксшылардың рейтингінде көш бастауы мүмкін екенін айтты. Григорий Стангрит Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қандай оқиғалардың GGG үшін сәтті болатынын айтып өтті.

- Бокс әлемінде көптен күтіп отырған оқиғалардың бірі Головкиннің келесі жылы өтетін кездесуі - Головкин-Альварес жекпе-жегі. Ол кездесуден кейін GGG нағыз әлем чемпионы бола алады. Қалай ойлайсыз, олардың кездесуі өте ме? Альварес сол уақытқа дейін Билли Джо Сондерспен кездесіп, WBO белбеуін жеңіп ала ма?

- "Канело" Головкинмен өтетін кездесуге дейін мамыр айында бір жекпе-жек өткізеді. Бірақ кіммен? Оны жақын арада білеміз. Альварес Головкинмен желтоқсан айында кездессе, "Канело" жеті айда үш бірдей ірі жекпе-жек өткізуі тиіс болады. Бұл мүмкін емес.

- Чавес туралы айтатын болсақ, соңғы кездері Головкин мен Чавестің келесі жылы жекпе-жек өткізетіні жайлы айтылып жүр. Мүмкіншілігін қалай бағалайсыз? Дегенмен олардың салмақ дәрежелері әр түрлі ғой. Жалпы олардың кездесуі қызық бола ма?

- Қыруар қаражат күтіп тұр. Сондықтан да олардың кездесуі әбден мүмкін.

- Сондай-ақ, Головкиннің өз Отанында, Астанада жекпе-жек өткізуі мүмкін екені талқыланған болатын. Бірақ мұнда туындайтын сұрақ - ол кіммен кездеседі? Қарсыласы мықты болса, жақсы болар еді.  Иә, біз түсінеміз, барлық мәселе қаражат пен гонорарда. Бірақ қанша қаражат ұсынсаң да, кез келген боксшы келісе бермейді ғой. Кім Астанада Головкинмен жекпе-жек өткізуі мүмкін?

- Бұл сұраққа жауап беру қиындау болып тұр. Мұнда ең бастысы бюджеттің қандай болатынын ескеру қажет. Сонда ғана біз оның қарсыласы кім болуы мүмкін екенін айта аламыз.

- Ал теориялық түрде айтатын болсақ, Н'Жикам оның қарсыласы болуы мүмкін бе? Мүмкін соны Астанаға шақырармыз? Әлде Головкинге Н'Жикаммен кездесу өткізудің қажеті жоқ па?

- Н’Жикам - жақсы қарсылас. Бірақ күте тұрған дұрыс сияқты, өз уақыты келеді. Геннадий үшін одан да жақсы қарсыластар табылып қалуы мүмкін.

- Григорий, P4P рейтингінде Роман Гонсалес көш бастап тұр. Головкин әдеттегідей Гонсалестің соңында жүр. Геннадий қандай жағдайда осы рейтингте көш бастауы мүмкін? Ол үшін Головкин кімді жеңуі тиіс? 

- Егер де Головкин Дэниэл Джейкобсті нокаутқа түсіретін болса, қыркүйек айында ол "Канелоны" да нокаутқа түсіреді. Яғни, Головкиннің P4P рейтингінде көш бастауға мүмкіндігі зор.

- Сіздің ойыңызша, қандай жағдайларда 2017 жыл Головкин үшін сәтті болар еді? 

- Егер де Головкин Джейкобсты жеңсе, ол Головкин үшін мінсіз жыл болар еді. Одан кейін Альваресті жеңуі керек. Осы екі жеңіс арқылы Головкин "Жыл боксшысы" атануы мүмкін.

Еске сала кетейік, Головкин 18 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобспен жекпе-жек өткізеді. Қазақстандық боксшы келесі жылы 3-4 кездесу өткізбекші. Айта кетейік, Головкиннің алдағы қарсыластары Хулио Сезар Чавес, Билли Джо Сондерс пен тағы басқа боксшылар болуы мүмкін. Сондай-ақ, боксшы Астанада да жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети