Головкин - Лемье жекпе-жегі күздің басты кездесулерінің бестігіне кірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин - Лемье жекпе-жегі күздің басты кездесулерінің бестігіне кірді © vk.com/ggolovkin

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин мен IBF титулының осы салмақтағы иегері Давид Лемье арасындағы кездесу BoxingPlanet порталының нұсқасы бойынша күздің үздік бес жекпе-жегінің қатарына кірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл рейтингте Головкин - Лемье жекпе-жегі төртінші орында тұр. Тізімде олардан жоғары тұрғандар - Кличко - Тайсон Фьюри, Сауль Альварес - Мигель Котто жекпе-жектері. Ал көш басына Флойд Мейвезер мен Андре Берто кездесуі орналасты.

Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасына жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады. 

Айта кетейік, букмекерлердің пікірінше бұл жекпе-жектің фавориті Головкин. Оның жеңісіне қойылып отырған коэффициент - 1,08, ал Лемьенің жеңісіне - 10. Ал Головкин - Лемье жекпе-жегінің тең аяқталуына 40 коэффициент беріліп отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети