19 тамыз 2015 11:08

Головкин-Лемье жекпе-жегін АҚШ-та тікелей эфирде көру құны аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Аllboxing.ru © Аllboxing.ru

Головкин-Лемье кездесуін тікелей трансляциядан (PPV) көру құны 50 доллар болады, - деп хабарлайды Vesti.kz басылымы Allboxing.ru порталына сілтеме жасап. Бұл туралы Нью-Йорктегі баспасөз мәслихатында қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер мәлімдеді.


Головкин-Лемье кездесуін тікелей трансляциядан (PPV) көру құны 50 доллар болады, - деп хабарлайды Vesti.kz басылымы Allboxing.ru порталына сілтеме жасап. Бұл туралы Нью-Йорктегі баспасөз мәслихатында қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер мәлімдеді.

Ол мұндай бағаның жанкүйерлердің қызығушылығымен бекітілгенін айтты. "Маған бұл жекпе-жекті бір сөзбен жеткізіңіз дегенде мен "Әйтеуір болды" деп жауап бердім. Кездесуді PPV арқылы көру құны 50 доллар болады. Мұндай баға жанкүйерлердің қызығушылығымен бекітілді. Біз PPV сатып алушыларын көбейтуіміз келеді", - деді Леффлер. Айта кетейік, бұл жекпе-жекті қазақстандық арналардан "Қазақстан" тікелей эфирде көрсетеді.

Қазір Геннадий Головкин алдағы жекпе-жекке дайындалып жатыр. Баспасөз туры кезінде ол ESPN телеарнасында көрсетілетін SportsCenter бағдарламасының студиясында қонақта болды. Боксшының баспасөз туры 19 тамызда Канаданың Квебеке қаласында жалғасады, 20 тамызда Лос-Анджелесте аяқталады.

Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасына жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети