20 қыркүйек 2017 09:32

Головкин Мексикадағы жойқын жер сілкінісіне байланысты көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) Мексикада жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендерге көңіл айтты.


Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) Мексикада жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендерге көңіл айтты.

"Мехико-Ситидегі менің достарым мен ондағы барлық жан үшін дұға тілейміз", - деп жазды Головкин Тwitter желісіндегі парақшасында. 

Еске салайық, 19 қыркүйекте Мексикада магнитудасы 7,1 балл жер сілкінісі болған. Зілзаланың жер ошағы Пуэюда-де-Сарагоса қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 49 шақырымда және Тепеохума елді мекенінен сегіз шақырымда тіркелген. Қаза тапқандардың саны 139-ға жеткен. Жойқын сілкіністі Мехико тұрғындары да сезген.  

Мехиконың азаматтық қорғаныс министрі Фаусто Луго жер сілкінісінен кейін қираған және өртенген үйлер жайлы хабарлады, қиранды астында адамдар қалып қойған. Көптеген ауданда жол қозғалысы шектелген, ұзын-сонар кептеліс пайда болған. Мехиконың Бенито Хуарес атындағы халықаралық әуежайы жұмысын тоқтатты. Төрт миллионға жуық тұтынушы жарықсыз қалған.

Бұл осы айда болып отырған екінші жойқын жер сілкінісі екенін де айта кетейік. 7 қыркүйекте 8,2 балл болатын жер сілкінісі тіркеліп, оның салдарынан 200-ге тарта адам қаза тапқан еді. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети