06 шілде 2015 09:41

Головкин мен Мейвезер - бірінші жартыжылдықтың үздік боксшылары

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың ең ірі телеарналарының бірі CBS Sports 2015 жылдың бірінші жартыжылдығындағы үздік боксшыларды атады, - деп хабарлайды Vesti.kz


АҚШ-тың ең ірі телеарналарының бірі CBS Sports 2015 жылдың бірінші жартыжылдығындағы үздік боксшыларды атады, - деп хабарлайды Vesti.kz

Олар WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин мен жартылай орта салмақтағы WBO тұжырымының чемпионы, сонымен қатар, бірінші орта салмақта WBC және WBA титулдарының иегері, америкалық Флойд Мейвезерді атады. 

Осыған дейін Головкин Pound for pound (P4P, салмақ дәрежесіне тәуелсіз) рейтингігде Мэнни Пакьяодан асып түскен болатын. Головкин үшінші орынға көтерілсе, Пакьяо төртінші орынға түсті. P4P рейтингінде Мейвезер тұр. Екінші орын Роман Гонсалесте. 

Еске сала кетейік, Головкин соңғы рет мамыр айының ортасында рингке шыққан болатын. Сол уақытта қазақстандық боксшы америкалық Вилли Монроны уақытынан бұрын жеңіп кетті.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети