13 қыркүйек 2014 12:05

Головкин мен Рубио жекпе-жегіне түрегеп тұратын орындар да сатылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин мен Марк Антонио Рубио. Фото boxingscene.com сайтынан Геннадий Головкин мен Марк Антонио Рубио. Фото boxingscene.com сайтынан

Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Марк Антонио Рубио арасындағы, 18 қазан күні Лос-Анджелесте өтетін, жекпе-жекті ұйымдастырушылар түрегеп тұратын орындарды да сатуға шешім қабылдапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz дереккөзіне сілтеме жасап. Мұндай билеттердің бағасы 27 доллар тұрады екен.


Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Марк Антонио Рубио арасындағы, 18 қазан күні Лос-Анджелесте өтетін, жекпе-жекті ұйымдастырушылар түрегеп тұратын орындарды да сатуға шешім қабылдапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz дереккөзіне сілтеме жасап. Мұндай билеттердің бағасы 27 доллар тұрады екен.

Айта кетейік, Геннадий Головкиннің бұл жекпе-жегіне қазірдің өзінде барлық билеттердің 75 пайызы сатылып кеткен. Бұл билеттердің бағалары 210, 105 және 53 доллар болатын. Мұндай мәліметті Қазақстан боксшысының менеджері Том Леффлер жариялаған.

Осы ретте айта кетейік, букмекерлер бұл жекпе-жекте Геннадий Головкиннің мерейі үстем болады деп санайды. Оның жеңісіне қойылған коэффициент – 1.02, ал мексикалық жігіттікі – 20. Жекпе-жек тең аяқталады деген коэффициент 50-ге тең.

Осы жекпе-жекте жеңіске жеткен боксшы WBC чемпионы, пуэрторикалық Мигель Коттомен айқасу мүмкіндігіне ие болады. Бұл жекпе-жекті HBO телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетеді. Қазақстан тарланбозы үшін аталған жекпе-жек 2014 жылғы үшінші, ал кәсіпқой рингтегі 31-інші айқасы болады.

Оның бұған дейін 66 жекпе-жек өткізген мексикалық қарсыласының пікірінше, Геннадий Головкин теңдессіз чемпион екен. "Мен чемпион болғанға дейін де үздік боксшылармен айқастым. Енді чемпион болған соң ең үздік былғары қолғап шеберлерімен айқасатын және олардан жалтаруға болмайтын себептер бұрынғыдан да арта түсті. Мен Головкинмен өтетін кездесуге бар ынтамды салып жатырмын. Мен өзімді шақырған сынақтарды ұнататын боксшымын. Мұны айту жеткіліксіз, іспен дәлелдеу керек. Мен өзіме теңдессіз чемпионмен кездесу мүмкіндігі берілгеніне қуаныштымын. Бұл - менің карьерамдағы ең үлкен сын", - деген болатын Рубио бұған дейін алдағы жекпе-жек жайлы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети