19 ақпан 2016 10:41

Головкин мен Уэйд көз арбасты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Boxingscene.com © Boxingscene.com

WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин америкалық боксшы Доминик Уэйдпен көз арбасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин америкалық боксшы Доминик Уэйдпен көз арбасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Нью-Йоркте өткен баспасөз мәслихаты кезінде екі боксшы алғаш рет бетпе-бет жүздесті. Айта кетейік, тілшілермен Лос-Анджелесте өткен бұған дейінгі кездесуге Уэйд келе алмаған еді. Ауа райының қолайсыздығы салдарынан оның рейсі кешікті.

Айта кетейік, Головкин-Уэйд кездесуі 23 сәуірде "Форум" аренасында өтеді. Қазақстандық спортшы бұл жолы WBA титулын 16-шы рет, IBO атағын 13-шы рет, WBC (Interim) белбеуін төртінші рет және алғаш рет IBF титулын қорғайды. Головкин кәсіпқой бокста 34 жекпе-жек өткізіп, оның 31-ін уақытынан бұрын аяқтады. Ал Уэйдтің қоржынында 18 жеңіс бар. Ол 12 жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети