17 мамыр 2015 09:02

Головкин Монроны алтыншы раундта нокаутпен жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©HBOBoxing ©HBOBoxing

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин америкалық Вилли Монро кішіні нокаутпен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Осылайша қазақстандық боксшы барлық титулын сақтап қалды.

Қазақстандық боксшы кездесудің екінші раундында өз қарсыласын екі мәрте нокдаунға түсірді. Ал үшінші раундта жекпе-жек тең жағдайда өтті. Бұдан кейінгі раундтарда GGG Монродан айқын басымдығын көрсетіп отырды. Айта кетейік, бұл Геннадий Головкиннің қол жеткізіп отырған отызыншы нокауты. Осылайша, ол әйгілі боксшы Майк Тайсонның нокауттар көрсеткішінен асып түсті. Еске сала кетейік, Геннадий Головкин Монроға қарсы өткізген жекпе-жегі үшін 1,5 миллион доллар қаламақы алады. Бұл сома Головкиннің мансап жолында алған ең үлкені қаламақысы болып отыр. Ал оның қарсыласының қаламақысы - 100 мың доллар.

Головкин - Монро жекпе-жегі 16 мамырда Инглвуд қаласындағы "Форум" аренасында өтті. Кездесу Астана уақыты бойынша 17 мамыр күні таңғы сағат 8.00-де басталды. Жекпе-жек "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілді.

Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети