15 қыркүйек 2016 11:48

Головкин "нокауттар королі"? Ол кімді нокаутқа түсірді? Ешкімді - Альварес

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (47-1-1, 33 КО) WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді (35-0, 32 КО) "нокауттар королі" деп атауына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, Головкин - Келл Брук кездесуі қыркүйектің 10-нан 11-не қараған түні өткен болатын. Қазақстандық Геннадий Головкин жартылай орта салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Келл Брукті бесінші раундта нокаутпен жеңген болатын. Головкин осымен 36 кездесуіндегі 36-шы жеңісіне қол жеткізді. Ал Брук болса кәсіпқой бокста бірінші рет жеңіліске ұшырады.

"Канелоның" айтуынша, ол бұл көрсеткіштерге еш таңғалмайды.

"Мен Головкинның кім болғанын және кім екенін білемін. Адамдар оны "нокауттар королі" деп атайды, себебі ол жекпе-жекті нокаутпен жеңді... бірақ кімді нокаутқа түсірді? Ешкімді", - деді Альварес LA Times басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, 17 қыркүйекте Альварес WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы ұлыбританиялық Лиам Смитпен кездеседі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети