18 қазан 2014 12:38

Головкин Рубиомен жекпе-жегі үшін өз карьерасындағы ең көп сыйақыны алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин және Марко Антонио Рубио. © roundbyroundboxing.com Геннадий Головкин және Марко Антонио Рубио. © roundbyroundboxing.com

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Марко Антонио Рубиомен жекпе-жегі үшін өзінің кәсіби бокс карьерасындағы ең көп сыйақыны алады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Марко Антонио Рубиомен жекпе-жегі үшін өзінің кәсіби бокс карьерасындағы ең көп сыйақыны алады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Комиссия төленгеннен кейін қазақстандық боксшы 900 мың доллар сыйақы алады. Ал Рубио өзінің тиісті салмағын ұстап тұра алмағаны үшін оның сыйақысы 450 мың доллардан 350 мың долларға түсті. 

Марко Антонио Рубио тиісті салмаақтан асып кеткендіктен Головкин мен мексикалық боксшының жекпе-жегінің шарттары қайта қаралды. Егер 19 қазанда StubHub Cente рингінде Головкин жеңіске жетсе, ол  WBC нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы белбеуіне ие болады. Ал Рубио өзінің артық салмағы үшін Головкиннің титулын алуға үміткер бола алмайды. Ал қазақстандық боксшы жеңіліп қалса, оның WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулері ваканттық болып саналады.

"Егер спортшы өзінің салмағын тұрақты ұстап тұра алмаса, одан көңілің қалады. Генаның бір мақтауға тұрарлық жері – ол үнемі спорттық режимді сақтап, жақсы формада жүреді, чемпиондық міндеттерді қалтқысыз атқарады", дейді Головкиннің промоутері  Том Леффлер.

Рубионың жаттықтырушысы Роберт Гарсия боксшының өте күшті жаттығып, жақсы формада жүргенін айтады. "Рубио үшін бұл - өзінің карьерасындағы ең қауіпті боксшымен болатын өте жауапты үлкен жекпе-жек. Сондықтан ол тиісті салмақтан асып кеткені үшін қатты қобалжуда. Ол қолынан келгенінше салмағын тұрақтандыру үшін бәрін жасады", дейді Гарсия.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин мен Марко Антонио Рубионың салмақ өлшеу рәсімінде Рубионың салмағы тиісті салмақтан 800 грамм асып кетті.

Генаның бұрынғы жаттықтырушысы, бокстан  ҚР бас жаттықтырушысы Ғалым Кенжебаев Головкиннің "жекпе-жек төрешілердің шешімімен аяқталуы мүмкін" деген ойын қарапайымдылық деп санайды. "Гена әр жекпе-жек сайын өзінің қарсыласына үлкен құрметпен, ал өзіне жауапкершілікпен қарайды" дейді Кенжебаев.

Бұған дейін Головкин жекпе-жек төрешілердің шешімімен аяқталуы мүмкін екенін айтқан. "Марко Антонио өте ақылды жігіт, ол оңайлықпен жеңілмейді" деген боксшы жекпе-жекте өзінің кезекті нокаутының да жүзеге асуының мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Жекпе-жек 19 қазан күні Астана уақыты бойынша 8.30-да KazSport телеарнасынан көрсетіледі. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети