06 қаңтар 2016 12:23

Головкин шаршы алаңға сәуір айында шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бокстан WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин 23 сәуір күні шаршы алаңға шығады. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.


Бокстан WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин 23 сәуір күні шаршы алаңға шығады. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Басылымның мәліметінше, қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер кезекті жекпе-жекті Нью-Йорктағы Madison Square Garden аренасында өткізу туралы өтініш беріп үлгерген. Қазақстандық боксшының қарсыласы кім болатыны әзірше белгісіз.

23 сәуір күні Геннадий Головкинге қарсылас болуы мүмкін боксшылардың бірі - Туреано Джонсон. Багам аралдарының 31 жастағы өкілі IBF чемпиондық атағына міндетті үміткерлердің бірі. Сонымен қатар, GGG менеджері қазақстандық боксшыға қарсылас ретінде Билли Джо Сондерсті де атап отыр. Дегенмен, 26 жастағы боксшы Геннадий Головкинмен жұдырықтасу үшін берілетін ақшалай сыйақы мөлшеріне келіспей отыр. Ал спорт сарапшылары ұлыбританиялық боксшының бұл қылығын "жеңіс үшін емес, тек ақша үшін жұыдырықтаспақшы, жеңіліс табарын жақсы біледі" деп бағалап отыр.

WBC бұған дейін Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің кездесуін міндеттеген болатын. Кейіннен екі боксшы да өзара жұдырықтасар алдында бір жекпе-жектен өткізіп алуға келіскен еді. Боксшылардың командасы мамыр айының соңына дейін бір-бірімен келіссөздер жүргізіп, кездесу уақытын белгілеуі тиіс. Болжам бойынша, Головкин мен Альварестің шаршы алаңдағы шайқасы 2016 жылдың қыркүйек айында өтеді.

Айта кетейік, Геннадий Головкин 2015 жылдың қорытындысы бойынша көптеген танымал басылымдар рейтингінде жылдың үздік спортшысы ретінде танылды.

© Мassaget.kz

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети