24 сәуір 2016 09:31

Головкин Уэйдті екінші раундта нокаутқа түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

WBA (Super), IBF, IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин америкалық Доминик Уэйдті екінші раундта нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


WBA (Super), IBF, IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин америкалық Доминик Уэйдті екінші раундта нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жекпе-жек "Форум" аренасында өтті. Осылайша GGG 35-ші жеңісіне қарсыласын нокаутқа түсіріп жетті. Геннадий Головкин осылайша WBA титулын осымен 16-шы рет, IBO титулын 13-ші рет, WBC (Interim) титулын төртінші рет және IBF титулын бірінші рет қорғап қалды.

Айта кетейік, қазақстандық боксшыға әйгілі әлем жұлдызы, америкалық актер, режиссер, сценарист Жан-Клод Ван Дамм қолдау білдірген еді. Олардың бірге түскен суреті әлеуметтік желілерде пайда болды.

Еске салайық, Головкин WBC чемпионы титулына негізгі үміткерлердің бірі. Белбеудің иесі Альварес 7 мамырда Лас-Вегаста ұлыбританиялық Әмір Ханмен жұдырықтасып, осы титулды қорғайды. Жекпе-жектің жеңімпазы Головкинмен кездесуге міндеттелді. Дегенмен Альварес қазақстандық боксшымен аралық салмақ дәрежесінде ғана жұдырықтасатынын айтып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети