20 маусым 2015 11:44

Головкинді 5-6 раундта нокаутқа түсіре аламыз - Боб Арум

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гильберто Рамирес Санчес. ©idiotygenii.com Гильберто Рамирес Санчес. ©idiotygenii.com

Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум өзінің шәкірті Гильберто Рамирес Санчестің WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинді бес-алты раундта нокаутқа түсіреді деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Тofight.ru.


Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум өзінің шәкірті Гильберто Рамирес Санчестің WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинді бес-алты раундта нокаутқа түсіреді деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Тofight.ru.

"Рамирес 26 маусымда TruTV-дағы қиын жекпе-жегін өткізеді. Егер ол осы сынақтан өтсе, Абрахам - Штиглиц жұбының жеңімпазының титулына таласуға міндетті болады. Біз осы кездесуді өткізуге мүдделіміз және жекпе-жекті осында, Құрама Штаттарда өткіземіз немесе Дубайда, тіпті болмаса Германияда өткіземіз - бұл мәселені досым Уилфред Заурлендпен ақылдасу керек. Рамирестің екінші орта салмақта үздік бола алатындай мүмкіндігі бар деп ойлаймын. Егер Головкин қарсылас іздеп жатса, онымен ертең-ақ жұдырықтасуға дайынбыз", - деді ол.

Сонымен қатар, Боб Арумның айтуынша, Головкин суперорта салмаққа көтеріле алар еді. "Ол өзі осылай айтты ғой. Оған қарсы әлсіздерді шығара бермеу керек, оған нағыз қарсылас керек. Котто мен "Канело" бір-бірімен жұдырықтасады, оларды Головкинге қарсы шықпады деп айыптауға болмайды. Егер Гильберто осы күзде титулды жеңіп алса, келесі жылдың басында Головкинмен жұдырықтасуға қуана келісер едік. Рамирес оны 5-6 раундтың ішінде нокаутқа түсіреді", - деді Арум.

Айта кетейік, жеңіліп көрмеген мексикалық боксшы Гильберто Рамирес Санчес (31-0, 24 КО) 26 маусымда жекпе-жек өткізеді. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети