18 қазан 2014 10:16

Головкинмен жекпе-жек алдында Рубио тиісті салмақты сақтай алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ВКонтактедегі Головкин тобындағылардың суреті ВКонтактедегі Головкин тобындағылардың суреті

Американың Карсон қаласында қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық  Марко Антонио Рубионың жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.


Американың Карсон қаласында қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық  Марко Антонио Рубионың жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Вконтакте" әлеуметтік желісіндегі Головкин тобындағылардың  жазуы бойынша, мексикалық боксшы Рубио өзіне тиісті 72,6 келі салмақты сақтай алмаған. Өлшену кезінде оның салмағы   73,4 келіні көрсеткен. Ал Головкиннің салмағы 72, 1 келі. Сондықтан Марко Антонио Рубио Головкиннің титулына үміткер бола алмайды.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин WBA және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы. Головкин мен Рубионың жекпе-жегі 19 қазан күні таңертең болады. Астана уақыты бойынша шамамен 8.30-да осы жекпе-жек KazSport телеарнасынан көрсетіледі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети