20 тамыз 2014 14:18

Головкиннің бірінші бапкері: Генаға Костя Цзюдің мәнерін үйреттім

ПОДЕЛИТЬСЯ

Виктор Дмитриев. ©vesti.kz Виктор Дмитриев. ©vesti.kz

WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бірінші бапкері Виктор Дмитриев Головкиннің жас кезінде кімнен үлгі алғанын айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бірінші бапкері Виктор Дмитриев Головкиннің жас кезінде кімнен үлгі алғанын айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мықты боксшыға қарап бой түзеп, мықты боксшылардан үйренетін нәрселер көп болды. Маған, мысалы, Костя Цзюдің рингте жұмыс істегені ұнайтын. Сосын оның жұдырықтасу мәнерін мен Генаға үйреттім. Цзюдің бокстасу мәнерін көшіруге болатын еді, ол менің қолымнан келді. Дегенмен де оның барлық мәнеріне еліктеген жоқпыз, бірақ чемпионға ешкім сын айта алмайды. Уақытым мен күшімді көп сарпыдым. Бірақ өз дегеніме жеттім", - дейді Дмитриев. Оның айтуына қарағанда, Геннадий Головкин үнемі Костя Цзюға қарап өскен. 

Айта кетейік, бұған дейін Геннадий Головкиннің мексикалық Марко Антонио Рубиомен жекпе-жек өткізуге өзара келіскені айтылған еді. Бұл кездесу 18 қазан күні Карсондағы (Лос-Анджелестің Калифорния штаты) StubHub Center аренасында өтіп, HBO телеранасында тікелей таратылады. Еске сала кетейік, бұл жекпе-жек 32 жастағы Геннадий Головкиннің 2014 жылдағы үшінші және кәсіби шаршы алаңдағы 31-кездесуі болмақ. Ақпан айында боксшы Монте-Карлода ганалық Осуману Адаманы, шілде айында Нью-Йоркте австралиялық Дэниэл Гилді жекпе-жектің аяғына дейін жеткізбей жеңіп кеткен болатын. 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети