18 қазан 2015 13:06

Головкиннің келесі жекпе-жекті кіммен өткізуі мүмкін екендігіне болжам жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық белгілі спорт сайты Bleacher Report Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегін кіммен өткізуі мүмкін екендігін атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Америкалық белгілі спорт сайты Bleacher Report Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегін кіммен өткізуі мүмкін екендігін атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Тізімге бес боксшы кірді. Бірінші орында WBC тұжырымы бойынша чемпион Мигель Котто мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жұбының жеңімпазы тұр. Бұл кездесу 21 қарашада өтеді. 

Бұдан кейін тізімде WBA (Super) тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы, америкалық Андре Уорд орналасты. Одан кейін ресейлік Сергей Ковалев пен америкалық Бернард Хопкинс келеді. Бестікті өткен қыркүйекте мансап жолындағы соңғы жекпе-жегін өткізген Флойд Мейвезер қорытындылап тұр. 

Еске салайық, Головкин - Лемье жекпе-жегі 18 қазанда таңғы уақытта Нью-Йоркте өтті. Қазақстандық боксшы қарсыласын сегізінші раундта нокаутқа түсірді. Осылайша Головкин Лемьеден IBF титулын тартып алды. Ол жеңістер сериясын 21-ге дейін созып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети