03 сәуір 2017 16:39

Головкиннің командасы Астанада өтетін жекпе-жек туралы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий GGG Головкин © vk.com Геннадий GGG Головкин © vk.com

Орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің менеджері Олег Герман Vesti.kz тілшісіне Астанада өтетін жекпе-жек туралы пікірін білдірді.


Орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің менеджері Олег Герман Vesti.kz тілшісіне Астанада өтетін жекпе-жек туралы пікірін білдірді.

Еске салайық, бүгін, 3 сәуірде Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Берік Маржықбаев Головкинің бұл кездесуді өткізу үшін қол қойып қойғанын айтқан болатын. Оның айтуынша, жекпе-жек 17 шілдеде "Астана Арена" стадионында өтеді. Ал отандасымыздың қарсыласы ұлыбританиялық боксшы болады. Бірақ нақты кім екені белгісіз.

"Қазіргі уақытта Головкиннің Қазақстанда жекпе-жек өткізетіні туралы нақты ешқандай ақпарат жоқ. Сондықтан да жекпе-жектің қашан болатыны, кіммен жұдырықтасатыны туралы айта алмаймыз.

17 шілде деп айтылған күнге келетін болсақ, мен Головкиннің Астанада не үшін дүйсенбі күні жекпе-жек өткізеді деп айтқан адамдарды түсінбеймін. Қайталап айтайын, Генадий Қазақстанда жекпе-жек өткізеді деген мәселеге байланысты әлі ешқандай мәлімет жоқ. Келіссөздер жүргізіліп жатыр. Қандай да бір мәлімет болса, GGG-дің командасы ресми түрде хабарлайды", - дейді Головкиннің менеджері Олег Герман.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети