14 тамыз 2014 10:31

Головкиннің промоутері Солиманның жекпе-жектен не үшін бас тартқанын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин және Том Леффер. ©fightnews.ru Геннадий Головкин және Том Леффер. ©fightnews.ru

WBA (Super) және IBO тұжырымдарындағы әлем чемпионы Геннадий Головкин промоутері Том Леффлер Сэм Солимманның жекпе-жектен не үшін бас тартқанын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


WBA (Super) және IBO тұжырымдарындағы әлем чемпионы Геннадий Головкин промоутері Том Леффлер Сэм Солимманның жекпе-жектен не үшін бас тартқанын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Сэм Солиманның командасы екі боксшы арасындағы чемпиондық атақтарды біріктіретін кездесу ұйымдастыру үшін келіссөздер жүргізген. Австралиялық боксшының менеджері хабарлағандай, екі тарап бұл жекпе-жекке қол қоюға жақын болған. Бірақ соңғы сәтте Сэм Солиман өзінің орта салмақтағы IBF нұсқасы бойынша чемпиондық атағын америкалық Джермейн Тейлорға қарсы қорғауды жөн көрді. "Бүгінде орта салмақтағы боксшылар Головкиннен қашқақтап жүр. Егер сіздің алдыңызда не Геннадий Головкинмен жұдырықтасу, не Джермейн Тейлорға қарсы шығу деген таңдау болса, онда боксшылардың көбі Тейлорды таңдайтыны анық", - дейді Том Леффлер. 

Еске салайық, кеше 40 жастағы австарлиялық былғары қолғап шебері Головкинмен жұдырықтасудан бас тартты. Дегенмен, осыдан екі ай бұрын Солиманның өзі отандасымызбен шаршы алаңға шығамын деген еді. Ол кезде қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлерде бұл екі боксшы арасында чемпиондық атақтарды біріктіретін жекпе-жек ұйымдастыруға ниеттенген. 

Еске салайық, тамыз айының басында Геннадий Головкин World Boxing News тағайындаған "2013 жылдың боксшысы" деген атаққа ие болды. Отандасымыз WBN порталы жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша 74% дауыс жинады. Ал екінші орын алған канадалық былғары қолғап шебері Адонис Стивенсонға сайт қолданушыларының небәрі 12%-ы ғана дауыс берген.

Головкин өзінің соңғы жекпе-жегін 27 шілде күні өткізіп, австралиялық экс-әлем чемпион Дэниэл Гилді жеңген болатын. Жерлесіміз Гилді үшінші раундта сұлатып түсірді. Головкиннің Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өткен жұдырықтасуын 8572 көрермен тамашалады. HBО арнасы осы кездесуді тікелей эфирден көрсетті. Енді Головкин алдағы уақытта австралиялық Сэм Солиман, мексикалық кіші Хулио Сезар Чавес, пуэрторикалық Мигель Анхель Котто, Питер Куиллин (АҚШ) және кіші Флойд Мейвезер (АҚШ) сынды былғары қолғап шеберлерімен шаршы алаңға шығуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети