09 шілде 2015 09:00

Головкиннің промоутері Уордпен кездесуге қоятын шарттарын атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Akboxing.ru © Akboxing.ru

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер америкалық Андре Уордпен кездесу үшін қоятын шарттарын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер америкалық Андре Уордпен кездесу үшін қоятын шарттарын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Головкин қазір А жағында, - деді Леффлер. - Ол Уордпен 50-50 шартында кездесуге дайын. 160 фунттағы үздік боксшы мен 168 фунттағы үздік спортшы 164 фунтта кездесіп, ортақ шешімге келуге болады. Дегенмен, Уордқа аралық жекпе-жектер көбірек керек".

Айта кетейік, өткен айда ақпарат құралдарында Головкин мен Уордтың бірін-бірі айыптаған сөздері жарияланды. Уорд Головкиннің атын атамауды шешкенін, себебі оның командасы бастапқы кезде батыл сөйлеп алып, кейін өз сөзінен айнып қалатынын айтқан болатын. Алайда қазақстандық боксшы америкалықтың бұл іске атақ үшін барғысы келгенін атап өтті. Сонымен қатар, қазақстандық боксшы Уордты мылжың болмауға шақырды. Ресейлік танымал сарапшы Сергей Завилейскийдің айтуынша, бұл екі боксшы тарапынан кездесу туралы келісімнің жүріп жатқанын көрсетеді. Сарапшы жекпе-жек күзде болып қалуы мүмкін деп тұжырымдап отыр.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети