10 наурыз 2017 11:30

Головкиннің соққыларына әрең шыдап жүрмін - Санчес

ПОДЕЛИТЬСЯ

© fighter.kz © fighter.kz

Орта салмақтағы чемпион Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшының соққыларына әрең шыдап жүргенін жеткізді, - деп хабарлайды Boxingscene.com.


Орта салмақтағы чемпион Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшының соққыларына әрең шыдап жүргенін жеткізді, - деп хабарлайды Boxingscene.com.

"Ол ауыр соққылар жасайды, мен оны ұйықтауға жатар кезде де сезінемін. Менің иығым ауырады, бірақ бұл менің жұмысым. Бұл өте ауыр, мен оны сеземін, шаршы алаңда оның соққысын қабылдайтын жігіттерге өте қиын, бірақ бұл осы кәсіптің бір бөлігі", - деді Санчес.

Еске сала кетейік, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетеді. Отандасымыздың бұл жекпе-жегін "Қазақстан" ҰТА мен "Kazsport" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияның басталуы 19 наурызда 08:00-де.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети