18 қаңтар 2018 09:59

Головкинның промоутері екінші жекпе-жектің өтетін орнына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Las Vegas Review-Journal © Las Vegas Review-Journal

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинның (37-0-1, 33 КО) промоутері Абель Санчес мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) реванш матч өткізетін орынды таңдауға қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинның (37-0-1, 33 КО) промоутері Абель Санчес мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) реванш матч өткізетін орынды таңдауға қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен өз басым екінші жекпе-жектің Лас-Вегаста болғанын қалаймын ба? Меніңше, "Канело" сонда өткізгісі келеді. Қазір біз промоутерлік компанияның президенті Эрик Гомеспен ұсыныстарды қарастырамыз. Жекпе-жекке қатысты келіссөз жасалмай тұрып, кездесу өтетін орын жайлы мәселені талқылау әлі ерте сияқты", - деді промоутер.

Абель Санчестің айтуынша, Madison Square Garden осы кездесуге үлкен қызығушылық танытып отыр. Сондай-ақ, бапкер төрелік мәселесіне тоқталып өтті. 

Головкин - "Канело" жекпе-жегінде есептің тең болуына басты кінәлі адам аталды.

"Төрелік мәселесі мені әрдайым алаңдатады. Әрине, біз бұл мәселемен Комиссияға жүгіне аламыз. Бірақ бұл туралы айту әлі әрте. Бастапқыда реванш жайлы келісімге келіп, кейінірек осы мәселелерді қарастыру керек", - деді Леффлер.

Осыған дейін Де Ла Хойя Головкин - "Канело" жекпе-жегінің екінші кездесуін өткізуге кімнің кедергі келтіріп жүргені жайлы айтқан еді

Айта кетейік, Головкин мен Альварестің командалары екінші жекпе-жек өткізу үшін келіссөздерді бастап кетті. Олар 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездесуі мүмкін.

6 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалған болатын.

Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети