22 қазан 2017 10:58

Жақияновты жеңген Барнет ауруханаға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vRINGe.com © vRINGe.com

WBA (Super) және IBF чемпиондық атақтарына ие болған ұлыбританиялық боксшы Райан Барнет Жанат Жақияновпен өткізген жекпе-жегінен кейін ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Vesti.kz


WBA (Super) және IBF чемпиондық атақтарына ие болған ұлыбританиялық боксшы Райан Барнет Жанат Жақияновпен өткізген жекпе-жегінен кейін ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Белфастта өткен бокс кешінде ұлыбритаиялық боксшы төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті. Жекпе-жек соңынан Барнетт денсаулығын тексеру үшін ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы The Times тілшісі Рон Льюис Тwitter желісіндегі парақшасында жазды. 

Айта кетейік, Райан Барнетт 2012 жылы денсаулығын байланысты спорттық мансабын аяқтауына шақ қалған. Ми қантамырларының бітелуі спортшы өміріне айтарлықтай қауіп төндірген еді.

Жанат Жақияновтың тексерілу үшін ауруханаға барғаны жайлы ақпарат жоқ. Негізінен көп боксшылар жекпе-жектен кейін емханаларға барып тексеріледі. Мәселен, АҚШ-тың атлетикалық комиссиясы нокаутқа түскен боксшыларды тексеруден өтуін міндеттеген. Сондай-ақ 90 күн шамасында спарринг және жекпе-жек өткізуге тыйым салады.

Айта кетейік, Жанат Жақиянов WBA (Super) нұсқасы бойынша чемпиондық атағын ақпан айында америкалық Роуши Уорренді жеңіп иеленген еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети