16 қараша 2014 12:24

Жанат Жақиянов WBC тұжырым бойынша әлем чемпионы атағынан үміткерлер арасында көш бастап тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Қазақтың кәсіпқой боксшысы Жанат Жақиянов Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) тұжырым бойынша әлем чемпионы атағына таласудан үміткерлер арасында бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.


 Қазақтың кәсіпқой боксшысы Жанат Жақиянов Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) тұжырым бойынша әлем чемпионы атағына таласудан үміткерлер арасында бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

WBC тұжырымының жаңартылған рейтінгінде Қазақстан боксшысы Таиланд тарланбозы Суриян Сор Рунгвисайдан жоғары орналасты. Өйткені тай боксшысы чемпиондық атақ үшін таласып, жапон Шинсуке Яманакадан ұтылып қалған болатын. Ал Жанат Жақиянов соңғы жекпе-жегінде филиппиндік Роберто Лерионы нокаутқа түсірген.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айының соңында Жақиянов EBU тұжырымы бойынша жеңілдеу салмақта (53,5 келіге дейінгі) Еуропа чемпионы атағын жеңіп алған болатын. Осы чемпиондық атақ үшін өткен жекпе-жекте Қазақстан боксшысы француз Карим Гуэрфиді нокаутқа түсірген. Бесінші раундта бұрышқа тығылған француз Жанаттың оң қолымен ұрған пәрменді соққысын өткізіп алып, есінен танып, құлап қалған.

Айта кетейік, ZZ брендімен өнер көрсететін Жанат Жақиянов жеңілдеу салмақта WBC Eurasia Pacific Boxing Council атағының жеңімпазы болып табылады. Қазақстан боксшысы 25 жекпе-жек өткізіп, 24-інде жеңіске жетіп, бір рет жеңіліске ұшыраған. Әрі 17 жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтап, үстем түскен.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети