14 тамыз 2014 15:08

Жас боксшы Эмиль Идрисов көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эмиль Идрисов. КТК телеарнасының кадрынан Эмиль Идрисов. КТК телеарнасының кадрынан

Жас боксшы, жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан чемпионы Эмиль Идрисов көз жұмды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 


Жас боксшы, жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан чемпионы Эмиль Идрисов көз жұмды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

15 жастағы спортшы бір ай бойы Алматыдағы жекеменшік аурухананың жансақтау бөлімінде ажалмен арпалысқан еді. Алайда, жасанды аппаратпен тыныстап келген ол сол күйі есін жиған жоқ, тілге келмеді. Күндіз-түні оны бақылаған дәрігерлер "бозбала ауруынан айығып кетеді" деп үміттенген еді.

"Бұл соққының әсерінен болуы да мүмкін. Бас ми жарақаты, яғни ашық, жабық бас сүйегі миы зақымданып, нәтижесінде мидың қан тамырларын ісік жайлайды. Соның салдарынан науқас осындай күйге түседі", - дейді дәрігер-нейрохирург Джалал Мұсабаев.

Еске салайық, шілденің 5-күні Алматы облысының Үшқоңыр ауылында өткен Президент кубогы үшін додада Эмиль естен танып, құлаған болатын. Марқұмның туыстары жарыс өткен мәдениет үйінің іші ыстық болып, желдеткіштердің істемегенін айтып, шағымданған еді. "Егер ол шын мәнінде ауыру болса мұндай нәтижеге қол жеткізе алар ма еді? Ол 2013 жылғы Қазақстанның чемпионы. Егер расымен ол ауырған болса, онда 15 жасында бойы мұнша биік, денсаулығы мықты болмас еді", -дейді  "Жетінші арнаға" берген сұхбатында Эмильдің әкесі Яша Идрисов. 

Ал жас та болса, шаршы алаңда қарсыластарына дес бермеген Эмиль Идрисовтың қазасына байланысты қылмыстық іс қозғала ма, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз болып тұр. Кеше туыстары оның денесін туған жері Жамбыл облысының Мерке өңіріне алып кетті.

Төменде жас боксшының сол турнирдегі соңғы жекпе-жегіндегі видеосы. Бұл жерде спортшының денсаулығынан ешқандай да ақау байқалмайды. Ол тіпті қарсыласын нокдаунға да жіберген. Бірақ, дәл сол раундтан кейін ол есінен танып қалады. 

Эмильдің бапкері телефон арқылы бұл турнир барысында мәдениет үйінің іші ыстықтығынан тек қана Идрисовтың қысымы ғана көтерілмегенін айтады. Желдеткіштер жұмыс істемеген. Желдеткіштің жұмыс істемей тұрғанын ауданның спорт бөлімінің өкілдері де растап отыр, деп хабарлайды телеарна. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети