08 қыркүйек 2016 20:48

Желіде Головкин мен Бруктың соңғы рет көз арбасқан видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vk.com © Vk.com

Желіде қазақстандық Геннадий Головкин мен ұлыбританиялық Келл Бруктың жекпе-жек алдындағы соңғы баспасөз конференциясында көз арбасқан видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, кездесу 8 қырқүйекте Лондонда өтті.


Желіде қазақстандық Геннадий Головкин мен ұлыбританиялық Келл Бруктың жекпе-жек алдындағы соңғы баспасөз конференциясында көз арбасқан видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, кездесу 8 қырқүйекте Лондонда өтті.

Жекпе-жек алдындағы соңғы баспасөз конференциясында Головкин Ұлыбритания мен жергілікті бокссүйер көрермендер жайлы жақсы пікірде болды. 34 жастағы қазақстандық боксшы осы елде бұрыннан бері жекпе-жек өткізгісі келгенін айтты. 

"Маған Ұлыбританиядағы бокссүйер жандар ұнайды. Мұнда адамдар боксты жақсы біледі. Мен Том Леффлерден бірнеше рет Ұлыбританияда жекпе-жек ұйымдастыруды сұрадым. Ұлыбританиялық Мартин Мюрре мен Мэтью Маклинмен кездестім, бірақ олармен жекпе-жекті Ұлыбританияда өткізгім келді", - деді Головкин.

Сондай-ақ, қазақстандық боксшы Билли Джо Сондерспен немесе Крис Юбенкпен жекпе-жек өткізгісі келгенін айтты. 

"Мен өзімнің мансап жолымда Қазақстанда, Германияда, Панамада және өзге де елдерде болдым. Ұлыбритания - мен үшін келесі қадамдардың бірі. Ол жақтан бірнеше мықты чемпион шықты. Мұнда адамдар бокстың не екенін түсінеді. Мен үлкен жекпе-жектерді өткізгім келеді. Маған Лондон ұнайды, өз үйім сияқты. Келл Брукк пен оның командасын сыйлаймын. Бұл жекпе-жек біз үшін өте маңызды. Алдағы кездесу ұлыбританиялықтар үшін үлкен сый болмақ. Расында да бұл біз үшін үлкен жекпе-жек", - деп келтіреді Головкинді The Telegraph.

Еске салайық, Головкин - Брук кездесуі 10 қыркүйекте Лондонда 20 мың орындық О2 аренасында өтеді. Қазақстан және Kazsport арналары тікелей эфирден көрсетеді. Көрсетілім Астана уақытымен 23:00-де басталады. Брук кездесуге бір күн қалғанда салмақ өлшеу рәсімінде жұртты таңғалдыратынын айтқан. Ол, сонымен қатар, орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша чемпионға қарсы кездесуге бар күшін салатынын мәлімдеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети