19 қыркүйек 2016 09:22

Жеңісінен кейін батыл мәлімдеме жасаған "Канелоны" Головкин әжуаға айналдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коллаж Коллаж

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес ағылшын Лиам Смитті жеңгеннен кейін BoxingScene басылымына берген сұхбатында орта салмақ дәрежесіне өтуді жоспарлағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес ағылшын Лиам Смитті жеңгеннен кейін BoxingScene басылымына берген сұхбатында орта салмақ дәрежесіне өтуді жоспарлағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Командаммен барлығын шешеміз. Бірінші орта салмақтан кетсем, чемпион болып кетемін деп әрдайым айтып жүремін. Меніңше, бұл іс менің қолымнан келді", - деп мәлімдеді "Канело".

Оның айтуынша, Смитпен жекпе-жегі 154 фунттағы (69,9 келі) салмақ дәрежесінде өткізген соңғы кездесу. "Қазір осы салмақта соңғы жекпе-жек өткізген сияқтымын. Біз үздіктермен жұдырықтасамыз, 160 фунттағы барлық чемпионмен кездесеміз", - деді Альварес. Айта кетейік, орта салмақтағы бес чемпиондық титулдың төртеуі қазақстандық Геннадий Головкинде.  

Альварес Лиам Смитті тоғызыншы раундта нокаутқа түсіргеннен кейін берген сұхбатында соңғы айдың ішінде Головкинге жұдырықтасуға бірнеше мәрте ұсыныс жасағанын мәлімдеді. Алайда, оның айтуынша, жауап болмаған. "Мен қарсыластарымның ешқайсысынан қорықпаймын. Головкинмен жекпе-жекке дайынмын, ал ол менің ұсынысымды қабылдамай жатыр. Біз оған үш немесе төрт рет ұсындық. Мен тек үздіктермен жұдырықтасуға ниеттімін, себебі өзім де үздіктер қатарындамын", - деп мәлімдеді ол.

Алайда қазақстандық боксшы GGG мексикалықтың бұл мәлімдемесіне әжуамен жауап қайырды. Айтуынша, оған ешкімнен ұсыныс түспеген. "Жекпе-жектен кейін осылай далбаса сөз айтатындай "Канелоны" Смит соншалықты қатты ұрады деп ойламаппын", - деп жазды Головкин Instagram желісіндегі ресми парақшасында. Бұл жауапқа Головкинның мысқылдап тұрған суреті қоса жүктелген.

 

I didn't expect that Smith punched so hard and that @Canelo would talk that nonsense after the fight

Фото опубликовано Gennady Golovkin | GGG (@gggboxing)

Еске салайық, осыған дейін Головкин, Джейкобс және Сондерс әлеуметтік желілерде жанжал шығарған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети