11 қаңтар 2017 15:32

Қанат Ислам - Сауль Альварес жекпе-жегі жайлы мамандар пікірі екіге жарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Қанат "Kazakh" Ислам © Қанат "Kazakh" Ислам

Ресейлік бокс сарапшысы Александр Беленький қазақстандық Қанат Ислам мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің арасында жекпе-жек өтуі мүмкін деген қауесетті өсек-аяң деп атады. Оның Vesti.kz басылымына берген сұхбатына қарағанда, америкалықтарды Қанат Ислам қызықтырмайды.


Ресейлік бокс сарапшысы Александр Беленький қазақстандық Қанат Ислам мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің арасында жекпе-жек өтуі мүмкін деген қауесетті өсек-аяң деп атады. Оның Vesti.kz басылымына берген сұхбатына қарағанда, америкалықтарды Қанат Ислам қызықтырмайды.

"Бүгінде бұл туралы көп мәлімет айта алмайсың. Сондықтан да қысқаша ғана айтайын. Меніңше, бұл өсек-аяң. Сауль Альвареске АҚШ-та ешкім танымайтын қарсылас керек емес. Расында да бұл жекпе-жек күмән келтіреді", - деді ресейлік Александр Беленький.

Ал қазақстандық белгілі промоутер, ҚР Кәсіпқой бокс федерациясы президентінің штаттан тыс кеңесшісі Болат Манкенов Vesti.kz басылымына берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альварестің қазақстандық боксшы Қанат Исламмен жекпе-жек өткізуі мүмкін деген қауесетке қатысты пікірін білдірді.

"Мен қауесеттерге мүлде сенбеймін. Мен бұл жекпе-жектің өтетініне қатты күмәнданамын. Барлығы қаржы мәселесіне тіреліп тұр. Егер де Қанат Исламның командасы жеткілікті қаражат тапса, Альварес бірден келіседі. Кәсіпқой бокс - ол бизнес", - деді Болат Манкенов. 

Сондай-ақ, қазақстандық промоутер жекпе-жек өтетін жағдайда кімнің жеңіске жетуге мүмкіндігі жоғары екенін айтты. Оның айтуынша, Қанаттың тәжірибесі мол. "Менің ойымша, жекпе-жек қызықты өтер еді. Боксшылардың жеңіске жету мүмкіндігі 50 де 50", - деді Манкенов. 

Еске салайық, кеше Fightnews.com басылымы Альварес - Ислам жекпе-жегі өтуі мүмкін деген қауесеттің тарағанын хабарлаған. Сол қауесетке сенсек, Альварес - Ислам жекпе-жек 6 мамырда өтеді делінеді. Осыдан кейін ресейлік белгілі комментатор Григорий Стангрит мамыр айында мексикалық Сауль "Канело" Альварес қазақстандық боксшы Қанат Исламмен жекпе-жек өткізуі мүмкін деген қауесетке қатысты пікір білдірген еді. "Неліктен өтуі мүмкін емес? Мұндай жекпе-жекте бәрі де болуы мүмкін. Бірақ, әрине, күте тұрған абзал. Бұл Чавестің (Хулио Сезар Чавес - мексикалық боксшы) командасының Альвареске түсіріп отырған қысымы да шығар", - деп атап өтті Стангрит.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети