30 қазан 2015 14:59

Қанат Ислам алдағы жекпе-жегіне дайындығы жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© alaman.kz © alaman.kz

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам алдағы жекпе-жегіне дайындығы жайлы айтып берді. Бұл туралы боксшы Қамшы.kz басылымына берген сұхбатында баяндады.


Қазақстандық боксшы Қанат Ислам алдағы жекпе-жегіне дайындығы жайлы айтып берді. Бұл туралы боксшы Қамшы.kz басылымына берген сұхбатында баяндады.

"Алла бұйырса барлық дайындығым жақсы. Жоғары деңгейде өтіп жатыр. Аяқты аспанға көтеріп жатқан жоқпын. Қан да, тер де ағып жатыр. Алла қаласа әрбір тамшы тер мен қан бекер ақпайды деп ойлаймын. (...) Әйтеуір қазақтың көк туы желбіресін, қазақтың намысы жерде қалмасын деп көмектесіп жатыр. Сол үшін мендеде аянып қалатын ештеңе жоқ. Барымды салып дайындық жасаудамын", - деп келтіреді боксшының сөзін басылым.

Сонымен қатар, Қанат Ислам Головкинмен жұдырықтасуға қалай қарайтынын айтты. Оның пікірінше, қазір Головкиннің әбдеп пісіп-жетілген кезі. "Қаншама қиындық көріп, жемісін енді көріп жатыр. Ол осы жеңісті, жемісті көруге әбден лайық. Ең бастысы, бір атан түйеге жүк болатын, мен, мен деген ержігіттердің жілігін майыстыратын қиындықтарды көтере білді. Головкин - нағыз азамат. Оның жарысына ешқандай күмән келтірмеймін. Қарысласы әлсіз болса да, мықты болса да бәріне төтеп береді. Генаға тек қана сәттілік тілеймін. Гена біздің алдымыздағы туды көтеруші болса, біз сол туды жықпаймыз деп ойлаймын. Алла қаласа сол ізбен келе жатырмыз", - деді ол.

Боксшының айтуынша, кәсіпқой бокста Бейбіт Шүменовтің де еңбегін бағалағанымыз жөн. "Ол - Америкада аты танымал боксшылардың бірі. Өз жалғыз келіп, қаншама адамға алданып, осындай дәрежеге жету оңай емес. Бейбіт - нағыз мықты, қайсар, батыр жігіт. Қазақтың туын көтеріп осы күнге дейін жүр. Жақын досым, үнемі ақыл көрсетіп отырады. Оның кішпейілділігі, батырлығы айтуға тұрарлық. Одан көп нәрсе үйренемін", - деп пікірін айтты Қанат Ислам.

Еске салайық, осыған дейін Қанат Исламның келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болған еді. Ол жекпе-жегін 7 қараша күні Майами қаласында мексикалық Алексис Камачоға қарсы өткізеді. Айта кетейік, 31 жастағы Қанат Ислам кәсіби рингте 19 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ол бірінші орта салмақта WBA Fedelatin титулына иелік етеді. Соңғы кездесуінде ол колумбиялық Орландо де Хесус Эстраданы нокаутпен жеңді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети