20 қазан 2015 15:06

Қанат Ислам кәсіби бокста әлемдік жетекші компаниямен келісімшарт жасасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанат Ислам. © Instagram Қанат Ислам. © Instagram

Қазақстандық бизнесмен әрі меценат Бауыржан Оспанов Vesti.kz тілшісіне кәсіпқой боксшы Қанат Исламның әлемдік бокстағы жетекші компаниямен келісімшарт жасасқанын айтты.


Қазақстандық бизнесмен әрі меценат Бауыржан Оспанов Vesti.kz тілшісіне кәсіпқой боксшы Қанат Исламның әлемдік бокстағы жетекші компаниямен келісімшарт жасасқанын айтты.

"Кәсіби бокстың өз "асханасы" бар. Қанатты көпшілік аңдып жүр, олар оны өз командасына қосқысы келеді. Бірақ олардың шарттары Қанаттың командасының көңілінен шыққан жоқ, мен де оны дұрыс деп санаймын. Ол қалыптасқанша, көп қаржы қажет болған уақыттардың барлығында демеушілік еттім. Ал қазір ол алады да осы жетістіктерімен барып біреумен кіріптарлық келісімшарт жасасады. Ол бұрыс жол. Жалпы алғанда барлық әлемдік компания оны көздеп отыр. Кіммен екенін айтпай-ақ қояйын, бірақ ол жақын күндері әлемдік үздік компаниялардың бірімен келісімшарт жасасуы тиіс", - деді ол.

Оның айтуынша, олар Қанаттың командасының шарттарына келіскен. "Мен олардың оны әрі қарай жетелегендерін қалаймын. Қазір оның командасы, заңгерлер мен қаржыгерлер барлық шартты зерттеп жатыр, бір-екі күнде келісімшартқа қол қойылады. Біз мықты боксшыны мықты командаға бере салуды ғана қалап отырған жоқпыз, сонымен қатар, оның дамып, ілгерілуі үшін барлық мүмкіндікпен қамтамасыз етуді қалаймыз. Бұл жаттығу үрдісі, қарсыласты іріктеу және тағысын тағы. Біздің қазақстандық боксшылар құжатты қате рәсімдегеннен қаншама жылдарын жоғалтты. Геннадий Головкиннің өзін алып қарайық. Ол екі олимпиадалық циклды жоғалтты. Қанат тәуекел дейтін жаста емес", - деді Оспанов.

Бизнесменнің мәлімдеуінше, Исламның жекпе-жектерін Қазақстанда ұйымдастыру - проблема емес. Алайда, оның айтуынша, кәсіби бокста барлығы көрерменге байланысты болмайды. "Бірінші кезекте, телевизия мен демеушілердің қызығушылығы. Қанатқа деген қызығушылық Америка мен Қытайда жоғары. Ол үлкен нарық. Егер ол арқылы Қазақстан туралы бұдан да көп айтылатын болса біз мұндай варианттарды жоғалта алмаймыз. Әрине ол Қазақстанда да жекпе-жек өткізеді. Біз оны бүгін де ұйымдастыра аламыз, бірақ бірінші кезекте ұзақ мерзімді байланыс орнату қажет. Қазақстандағы оның жанкүйерлеріне жекпе-жек көрсетуге жол беретін ұзақ мерзімді және қызықты келісімшарттар жасасу керек", - деді ол. Бауыржан Оспановтың сұхбатын толығырақ мына жерден оқуға болады.

Айта кетейік, 31 жастағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам кәсіби рингте 19 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ол бірінші орта салмақта WBA Fedelatin титулына ие. Соңғы кездесуінде Қанат Ислам колумбиялық Орландо де Хесус Эстраданы нокаутпен жеңді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети